1) «Педагог» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес
келетін жұмыс өтіліне талап қойылмай, мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар
тұлғалар:
- оқу пәні мазмұнын, оқу-тәрбиелеу процесін, оқыту және бағалау
әдістемесін біледі;
- білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып,
оқу-тәрбиелеу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;
- білім алушының жалпы мәдениетін және оны әлеуметтендіруді
қалыптастыруға ықпал етеді, білім беру ұйымдары деңгейінде өтетін іс-
шараларға қатысады;
213
- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен
оқытудың жеке тәсілін жүзеге асыру, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас
негіздерін біледі, цифрлық білім ресурстарын қолданады.