27
Өзін-өзі дамыту – адамның толыққанды өмір сүріп, өзінің не үшін өмір
сүріп жатқанын біліп, өмірінің мәнін түсіну. Өмірдің мәнін түсіну әр қарай
өзін-өзі дамытудың жоғарғы түрі – өзін-өзі белсендірілуге өтеді.
Өзін-өзі дамыту қалай іске асады? Бұл өзін-өзі тәрбиелеу барысында іске
асады, яғни адам өз өмірімен бәсекеге түсіп, өзінің алдына міндет қояды, өзіне-
өзі бұйрық береді. Өзін-өзі дамытуда мақсатқа жету нәтижесі – адамның өзіне
өзінің көңілінің толуы, өзінің жетістіктерін көре алуы, алдына қойған мақсатын
орындай алуы, өз өміріне ризашылығы, өз істеріне көңіл толуы, айналасындағы
адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: