К. Д. Бузаубакова


Жапондық  менеджмент  жүйесі



Pdf көрінісі
бет33/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   446
Жапондық  менеджмент  жүйесі  –  әлемдегі  ең  тиімділерінің  бірі.  Оның 
басты  ерекшілігі  –  адамдармен  жұмыс  істей  білуде.  Жапондық  менеджмент 
еңбекті  ұйымдастырудың  топтық  формасына  бағытталған.  Ұжымдық 
жауапкершілік  тетіктері  пайдаланылады:  топ  мүшелерінің  бәрі  басқару 
шешімдерін  қабылдауға  қатысып,  олардың  жүзеге  асуына  теңдей  дәрежеде 
жауапты  болады.  Фирманың  істері,  жоспарлары  туралы  ақпараттар  барлық 
қызметкерлерге  жеткізіледі.  Технологиялық  және  экономикалық  мәселелерді 
шешуге  жұмыскерлерді  белсенді  (ерікті  түрде)  тарту  тәжірибесі  де 
қолданылады. 
Жапонияда  ішкіұйымдық  менеджерлерді  дайындау  «тәжірибе  арқылы 
оқыту»  тұжырымы  негізінде  жүзеге  асырылады.  Жапонияның білім  ұйымдары 
басқармаларында  менеджерлердің  негізгі  жұмыс  принципі  дайындалған: 
халыққа  қызмет  ету,  әділеттілік,  шыншылдық,  келісімділік  және  әріптестік, 
прогресс үшін күрес, сыпайылық, кішіпейілдік, жақсылыққа риза болу. 
Менеджерлерді дайындау барысында Жапонияда көп қолданылатын тәсіл 
–  шет  елдің  тәжірибесімен  тікелей  танысу  үшін  сол  елге  сапарға  шығу. 
Менеджерлерді  дайындаудың  негізгі  міндеті  –  қалыптасқан  кез  келген 
жағдайдан шыға алу мен бейімделуге менеджерді үйрету. 
Міне  осыдан  келіп,  олардың  нәтижеге  қатыстылығы,  басшылықпен, 
оқытушылармен  және  оқушылармен  тығыз  қарым-қатынасы  көрініс  табады. 
Білім  менеджері  әрқашан  да  оқушылар  мен  оқытушылар  арасында. 
Оқытушылардың  ұсыныстары  мен  арыздары  бірден  қарастырылады.  Жапония 
білім  мекемелерінде,  ғылыми-педагогикалық жаңалықтар  процесіне  зор  маңыз 


30 
 
беріледі.  Білім  сапасын  басқару  жүйесі  іске  асырылған,  онда  білім  беру 
қызметіндегі  ақаудың  себеп-салдары  міндетті  түрде  анықталады.  Оқу 
орындарында  сапа  үйірмелері  құрылады,  олардың  міндеті  –  білім  берудің 
барлық  сатысында  білім  сапасы  мен  тиімділігін  арттыру.  Білім  беру  жүйесі 
қызметкерлерінің  әрқайсысы,  белсенді  қатысқаны  үшін  материалдық  және 
моралдық жағынан ынталандырылады. 
Америка  менеджменттің  бай  тәжірибесіне  ие.  Америкалық  менеджерлер 
өздерінің  жоғары  деңгейдегі  іскерлігімен  ерекшеленеді.  Америкалық 
менеджмент моделінің  айрықша  мәні – дарашылдық. 
Қазіргі уақытта АҚШ-та менеджерлердің өз қол астындағы әріптестердің  
өздерін    бір  команда  деп  атауды  қалайтындағы  қалыпты  жағдайға  айналған. 
Қазіргі кезеңде   жас менеджерлер басқарудың неғұрлым адами, демократиялық 
стиліне  жүгінуге  ұмтылады.  Басшылар  ең  алдымен  өмірлік  құндылықтардың 
басына  әріптестерімен  байланыстағы  адами,  қайырымдылық,  іскерлік 
қасиеттерін алға қояды. 
АҚШ  және  Еуропалық  одақта  білім  саласындағы  басқару  кадрларын 
дайындайтын  әртүрлі  ұйымдардың  қызметі  жандана  түсуде.  АҚШ-та  дәстүрлі 
аймақтық  үкімет  органдары  білім  мекемелері  басшыларын  сертификаттауға 
(аттестация)  және  дайындау  курстары  бағдарламаларын  жасау  мен 
стандарттарды қабылдауға ықпал ете алады. 
Дайындық  бағдарламаларын  және  мектеп  директорларын  дайындау 
курстарын жасаумен, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар айналысады: 
Әкімшілік  басқару  қызметкерлері  диплом  алғаннан  кейінгі  оқытудың 
бағдарламасын қайта құрылымдаудың Ұлттық Альянсы Бірлестігі немесе Орта 
мектеп басшыларының Ұлттық ассоциациясы.  
Аймақтық  деңгейде,  бағдарламаны  дайындау  барысында  оған  аймақтық 
ассоциациялар қатыса алады, мысалы Нью-Джерси штаты білім Ассоциациясы 
немесе Флорида штатының білімдегі менеджмент бойынша Кеңесі. 
Ұлыбританияда  мектепті  басқарушыларды  дайындауды  дамытудың 
Ұлттық  орталығы  бар.  Оның  міндетіне  осы  саладағы  мәселелерді  талдау  мен 
басқарушыларды дайындау бойынша ұсыныстарды жасау кіреді. 
Оқу  жоспарлары  мен  методология  саласындағы  халықаралық  тәжірибені 
пайдалана  отырып  ортақ  мәселелерді  шешу  үшін  1992  жылы  білімдегі 
басқарушыларды  дайындау  және  зерттеудің  Еуропалық  тарабы  құрылды.  Бұл 
ұйымның  міндетіне  басқару  біліктілігін  көтеру,  мектеп  көшбасшыларын 
іріктеу,  сонымен  қатар,  әртүрлі  қоғамдық  басқару  модельдерінің  мектеп 
басшыларына тигізетін әсерін зерттеу кіреді. 
Білімді  жоспарлау  мен  басқару  мәселесін  шешу  үшін  арнайы  түрде 
ЮНЕСКО-да  білімді  жоспарлаудың  Халықаралық  институты  құрылды,  оның 
тыңдаушыларына  білімді  басқарудың  өзекті  мәселелері  бойынша  әртүрлі 
бағдарламалар мен жұмыс түрлері ұсынылады. 
Германияда  мектеп  басшыларын  дайындауды  қолдауға  бағытталған 
бірқатар  ұйымдар  бар:    Германияның  мектеп  басшыларының  Жалпыға  бірдей 


31 
 
Одағы  және  Білімді  басқарудағы  Неміс  қоғамы,  Педагогикалық  ізденістерге 
көмек Қоғамы. 
Үлкен  қызығушылықты  басқару  нәтижесінде    еуропалық  бағдарламалар  
өмірге  келді.  Мысалы,  Амстердамда  ERASMUS  жобасы  шеңберінде  Білім 
менеджментінің  Еуропалық  мектебі  құрылды.  Ондағы  оқыту:  кеңес  беру 
арқылы  және  сырттай  оқыту  түрінде  жүргізіледі.  Тыңдаушылар  Еуропалық 
Одақ    елдерінен  бірнеше  бағыт  бойынша  қабылданады:  мектеп  басшылары, 
инспекторлары,  аға  оқытушылар,  ұйымдастыру  және  менеджмент  бойынша 
мамандар.  Міндетті  түрде  есепке  алынатыны  және  дайындау  барысында 
пайдаланылатыны  –  қатысушылардың  ұлттық  тәжірибесі.  Үміткерлер  келесі 
критерийлер  бойынша  іріктеледі:  білімді  басқару  бойынша  тәжірибелік  бейімі 
мен теориялық білімінің болуы және білімді жетілдірудің ұлттық міндеттеріне 
үлес қоса алуға бейімділігі.  
«Менеджмент»  термині  Ресейге  қоғамның  өмірі  мен  экономикасындағы 
түбегейлі  өзгерістердің  орын  алуымен  келді  және  нарықтық  қатынастарға 
жауап  беретін,  елдегі  мүлдем  жаңа  басқару  жүйесінің  қажеттілігін  айқын 
көрсете  отырып,  2000-шы  жылы  Мәскеудің  әлеуметтік  және  экономикалық 
ғылымдардың жоғарғы мектебі білім беру саясатын зерттеу Орталығын (қазір - 
«Білім  саласындағы  менеджмент»  факультеті)  құру  туралы  бастама  көтерді, 
оның  мақсаты  –  Ресей  білімін  модернизациялауға  көмек  көрсету.  Білімді 
модернизациялау  үшін  білім  беру  қызметінің  шешуші  салаларындағы 
мамандарды дайындау қажет, ең алдымен – білім саясаты саласында. 
Осы  бағыттағы  жоғарғы  мектептің  негізгі  міндеті,  өз  аймақтарында  ғана 
емес,  бүкіл  елдегі  білім  саясатын  қалыптастыра  және  талдай  алатын  жоғары 
деңгейдегі сарапшылардың үлкен бір тобын дайындау болып табылады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет