Кешенді бақылау – бір мұғалімнің жұмыс жүйесінің толық ауқымына,
бір топ мұғалім немесе мектептегі барлық мұғалім жұмысына жан-жақты
жүргізілетін бақылау. Коммуникация – жақсы координациялық жұмысты жүргізу үшін
басқару қызметінде ақпаратты алу, өңдеу және жеткізу барысындағы іс-
әрекеттер жүйесі. Координация – процестің үздіксіздігін, тоқтаусыз жүруін қамтамасыз
ететін басқару функциясы. Координациялаудың басты мақсаты – тиімді
байланысты орнату арқылы мекеменің барлық бөлімдерінде өзара
келісімділікті, үйлесімділікті қамтамасыз ету. Көшбасшы (ағылшынның LEAD (лидер) – артынан ерту, іліктіру) –
болашақты меңзей алатын, ұжымды артынан ілестіре алатын, жеке басының
идеясы бар жаңашыл адам.