Педагогикалық процестің «оқушылардың үлгерімі» сипаттамасының көрсеткіштері – оқушылар үлгерімінің жалпы пайызы;
үлгерім сапасының пайызы; орта тоқсандық балл; оқушылардың оқу-танымдық
біліктерді меңгеру сапасының пайызы (оқу бағдарламасының бөлімі, тақырыбы
бойынша): оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.
Педагогикалық талдау –оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім
мекемесінің
материалдық
қорын,
қаржы-экономикалық
жағдайын
педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге
байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап,
ұсыныстар беру.
Педагогикалық талдау – педагогикалық процестің даму тенденциясы
мен жағдайын зерттеуге бағытталған басқару қызметі.
Педагогикалық шығармашылық–оқу-тәрбие
жұмысында
педагогикалық әдістемелерді түрлендіру, әдістерді жетілдіру және т.б.