К. Д. Бузаубакова


Сурет-7. Басқарудың негізгі қызметтері



Pdf көрінісі
бет43/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Сурет-7. Басқарудың негізгі қызметтері 
 
Мақсатты анықтау
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Ынталандыру
Қадағалау
Педагогикалық талдау 


39 
 
Жоғарыда  аталған  қызметтерді  талдау  арқылы  басқару  мазмұнын  екі 
топқа   бөліп қарастыруға болады:  
1) 
ұйымдастыру-бақылау  жұмыстары  (басқарымдағылардың  іс-
әрекеттеріне  жетекшілік:  тапсырма  беру,  талаптар  қою,  күштерін  біріктіру, 
жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б.)  
2) 
басқарушылар  іс-әрекеттері  (мақсаттар  айқындау,  ынталандыру, 
қаржы  көздерін  табу,  ұжым  құрылымын  жүйелеу,  іс-әрекеттердің 
технологиялық негізін қалау).  
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару 
қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару  әдістерінің 
негізгі топтары төмендегідей:  
-  педагогикалық  қызметкерлерді  экономикалық  тұрғыдан  қызықтыру 
(еңбек  өнімі  және  сапасы,    санаттары  мен  атақ-дәрежелеріне  сәйкес  жалақы 
тағайындау); 
-  әкімшілік-ұйымдастыру  әдістері  (орындаушылар  қызметтерінің  шек-
өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);  
-  психологиялық-педагогикалық  ықпал  жасау  (кеңес,  өтініш,  тілек 
білдіру,  алғыстар  жариялау)  және  әсерлендіру  (шуақты  психологиялық  ахуал 
қалыптастыру,  шығармашылық  пен  ынталылық  сезімдерін  көтеру,  білім 
мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру); 
-  қоғамдық  ықпалдарды  пайдалану  (педагогтер  мен  оқушыларды  білім 
мекемесін басқаруға араластыру); 
-  қоғамдық  әсер  әдістері  (ұжымда  демократияны  нығайтып,  басқалармен 
қатынаста  шыдамдылық  сақтау,  мекеме  қызметкерлерінің  беделі  мен 
мәртебесін ұлықтау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет