45
1) Педагог мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан
Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды
көшбасшы болуға талпыну.
2) Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы
басқару құрылымын жетілдіру, нақты басқару тетіктерін енгізу және қажетті
ресурстармен қамтамасыз ету.
3) Материалдық-техникалық базаны және ЖОО-ның инфрақұрылымын
тұрақты түрде жетілдіру.
4) ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес ЖОО-ғы сапа менеджментінің
барлық процесін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және
материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.
5) Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші:
сыртқы – мемлекет, әртүрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам
тұтастығы; ішкі – ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері.
6) Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын
орындау негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен
қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың
ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.
7) Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды
қамтамасыз етуші нақты тетіктерін құру есебінен іргелі және қолданбалы
зерттеулердің көлемін кеңейту.
8) ЖОО мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің
материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру
қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.
9) Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг
жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.
Достарыңызбен бөлісу: