К. Д. Бузаубакова


Білім берудің ізгіліктік сипатта болуы



Pdf көрінісі
бет55/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   446
Білім берудің ізгіліктік сипатта болуы
Білім берудің жалпыға  қолжетімділігі
Білім берудің зиялылығы
Білім берудегі еркіндік
Білім берудің демократиялық сипатта 
болуы


48 
 
1)  Дидактикалық жүйе: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы 
–  сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстары; міндетті және факультатив 
дәрістер. 
2)  Тәрбиелік 
  жүйе:    сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс 
тәрбие жұмыстары;    отбасы  тәрбиесі,  қоғамдық  мекемелердегі  тәрбие  және  
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі. 
3)  Оқушылардың  қарым-қатынастары  және  олардың  мектептегі 
өзіндік басқару жүйесі: оқушылардың өзін-өзі басқаруы. 
4)  Мектептің 
әкімшілік 
жүйесі: 
оқу 
процесін 
басқару; 
тәрбие жұмыстарына жетекшілік;  әдістемелік жұмыстарға жетекшілік.  
Тәжірибе  көрсеткендей,  орта  білім  беру  мекемелерінде  білім  беруді 
басқару сапасының төмен болу себебі – жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы 
жүйедегі  бір-бірімен  байланысты  субъектілердің  арасында  қарама-қайшылық 
туғызады.  Соның  нәтижесінде  субъекті  және  объекті  болып  бөлінеді. 
Педагогикалық  менеджмент  тұрғысынан  осы  орта  білім  беру  мекемелері 
жетекшілері  мен  оқытушыларының  қызметі  оқу-тәрбие,  оқу-танымдық 
процесінің  менеджері  ретінде  осы  немқұрайлық  пен  шығармашылық 
арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады. 
Жалпы  білім  беретін  мектептер  күрделі  динамикалық  жүйе  ретінде 
мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тиімді 
нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективті 
заңдылықтарын  тануға  негізделген  және  оған  қатысушылардың  мақсатты, 
саналы  өзара  әсерлесуі. Тұтас  педагогикалық  процесс  қатысушыларының  оны 
басқарудағы  өзара  әсерлесуі:  педагогикалық  талдау,  мақсат  қою  және 
жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету  және т.б. 
 Мектеп  іс-әрекетін  ұжымдық  басқару  органы  –    мектеп  кеңесі.  Оның 
атқаратын  функциялары  мен  жұмыс  мазмұны  жалпы  білім  беру  мекемесінің 
типтік ережелерінде көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет