Тұлғалық ынталандыру принципі. Мұғалімнің, оқушының әрбір іс-
әрекеті ынталандыру қажет. Себебі мұғалімге әрі материалдық, әрі моральдық
жағынан ынталандыру ауадай қажет. Мұғалім өз еңбегінің әділ бағалауын
көргенде оның жұмысқа деген көзқарасы, ынтасы, талпынысы артады. Мұғалім
жұмысты ерекше ыждахатпен істейді, табысты еңбек етуге тырысады.
Мұғалімді ынталандыру принципі – сапаға жетудің бірден бір құралы. Мұғалімдерді ынталандыру түрлері: ауызша алғыс жариялау; еңбек
кітапшасына ендірлетіндей жазбаша түрде алғыс жариялау; алғыс хат, мақтау
қағаздары, дипломдармен марапаттау; бағалы сыйлықтар беру; ақшалай
сыйлықтар беру; ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау грамотасымен,
59
арнайы төс белгілерімен марапаттау; демалуға тегін, жеңілдетілген
жолдамалар беру және т.б.(17-сурет).