К. Д. Бузаубакова


Ф.Тейлордың  ғылыми  басқару  мектебіне,  А.Файольдің  әкімшілік



Pdf көрінісі
бет9/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   446
Ф.Тейлордың  ғылыми  басқару  мектебіне,  А.Файольдің  әкімшілік 
басқару мектебіне, Э.Мэйо, А.Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, 
Ф.Герцбергтің  екіфакторлы  модель  мектебіне  қысқаша  сипаттама. 
Менеджмент  тура  мағынасында  «адамдарды  басқару»  ұғымын  білдіреді. 
Өндірісті  шоғырландыру  мен  жаратылыстану 
техникалық  білімдері 
жетістіктері  нәтижесінде  басқаруға  ғылыми  жүйе  ретінде  қызығып  көңіл  бөлу 
ХХ ғасырдың басында орын алды. 
 1911 жылы жарияланған  Ф.У.Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» 
атты  еңбегі  осы  үлкен  ғылыми  бастаманың  ұйытқысы  еді.  Ф.Тейлордың 
пікірінше  тиімді  ғылыми  басқару  ұдайы  бақылау,  тәжірибе  жасау  және  ой-
саналық,  топшылау  арқылы  анықталған  көрсеткіштер  көмегімен  бизнесті 
жандандыратын  қызмет  саласы  болып  саналады.  Ф.Тейлор  өз  теориясын 
тұжырымдай  келе,  төмендегідей  тоқтамға  келеді:  «Дәстүрлі  әдістің  орнына  – 
ғылым, қарама-қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына 
ынтымақтастық,  еңбек  өнімділігін  арттыру,  өте  қажетті  барынша  қолайлы 
жағдай жасау... ». 
 Басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп 
отыру.  Басқару  табиғаттың  барлық  құбылыстарына  тән.  Бүкіл  айналадағы 
дүниеден  оның  үш  компонентін:  өлі  табиғатты,  тірі  табиғатты  және  адам 
қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін төмендегідей 
ірі  көлемде  саралауға  мүмкіндік  береді:  өлі  табиғаттағы  басқару  процестері 


14 
 
техникалық  жүйелер  (техникалық  жүйелерді  басқару),  Ф.Энгельс  еңбек 
құралдарын басқаруды  «заттарды басқару»  деп  анықтаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет