74
Педагогикалық процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде
мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен
кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі
болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық сараптама жасайды.
Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің
шығармашылық деңгейіне
сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық даярлығының
жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс-
әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады.
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық процесті
ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық процеске әсер еткен
ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруда төмендегідей
педагогикалық принциптерді басшылыққа алған жөн:
1) таңдаған (жаңа) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі;
2) жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат- міндеттеріне сәйкестігі;
3) жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі;
4) таңдаған
әдістің мектептің материалдық-техникалық базасына
сәйкестігі;
5) жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі және т.б.
Жобалау технологиясы негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды
американдық ғалымдардың идеялары алынған:
- бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды;
- іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;
- балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу;
- шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін
мәліметтер де өте маңызды.
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден
барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі”
деген кітабында жобалау
әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: