77
Өзін-өзі ұйымдастыру идеясы мен теориясы ғылымның әр саласына да
ене бастады. Соңғы зерттеу жұмыстарында макроэкономикадағы зерттелетін
объектілер ашық жүйеде қарастырылуда. Синергетикалық әдістер психология,
өнер, әлеуметтану саласында кеңінен қолданыс таба бастады.
Көптеген ғалымдар синергетикалық бағытты педагогика саласында да
қарастыруда З.Ж.Жанабаев пен Н.Д.Хмель бойынша синергетиканың әлеуеті –
«педагогиканың жоғары қабатынан пәннің нақты әдістемесіне дейін».
Синергетика тәрбиелік жүйе теориясын, педагогикалық процесс,
әлеуметтік жүйені басқару, педагогика мен синергетиканың байланысын тығыз
бірлікте қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: