Мультипликативтілік – жүйе элементтері қызметтерінің (әрі позитивті,
әрі негативті) еселеп артуы (қосылуы емес).
Педагогикалық процесс күрделі әлеуметтік жүйенің эволюциясы ретінде
өзара ұйымдасқан объектінің барлық белгілі қасиеттерін иемденеді.
Педагогикалық жүйенің әрбір құрылымдық элементі (оқушы, мұғалім,
оқушылар ұжымы және т.б.) ашық ақпараттық жүйе болып табылады.
Сондықтан қазіргі кезеңдегі педагогика танымның ғылыми әдістері мен күрделі
объектіні басқару заңдылықтарына арқа сүйейді.