К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет154/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

2)  тақырыптық  –    оқу  жұмыстарының  кейбір  жақтарын  арнайы 
тақырып бойынша тексеру;  
3)  дербес – кейбір  оқушының  іс-әрекетін, жұмысын  бақылау; 
4)  топтық –  топтың іс-әрекеттерімен танысып бақылау. Бақылау тиімді 
болу үшін нәтижелі тексеру керек.  
Әрбір  пән  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалауда  оқу 
іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне сәйкес белгіленген ауқымда баға қойылады.  
Нақты  оқу  пәнін  оқыту  ерекшелегіне  сәйкес  білім  алушылардың  оқу-
танымдық  іс-әрекеттерінің  нәтижесін бағалау үшін  бақылаудың  ауызша, 
жазбаша  дәстүрлі  түрлері  мен  формалары,  сондай-ақ  тестілеу  және  тағы 
басқа бақылаудың интерактивті  түрлері  қолданылуы  мүмкін. Әрбір  білім 
саласы  бойынша  немесе  жеке  пән  бойынша  оқыту  нәтижелерінің  нақты 
көрсеткіштері (критерийлері) жасалады. 
Сабақ  сайын  білім  алушыларды  оқыту  нәтижелерін  бағалау  оқу  іс-
әрекетінің  деңгейіне  сәйкес  белгіленген  баға  ауқымы  аясында  бір  сабақ 
аумағында  жинақталған  балдардың  орташа  арифметикалық  мәнін  анықтау 
арқылы жүзеге асырылады.  
Кезеңдік бағалау  қандай да бір бөлімді  оқып үйренгеннен кейін, сондай-
ақ жартыжылдықтың және оқу жылының соңында бақылау жұмыстарын өткізу 
арқылы жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет