Жоспарлау объектісіболып табылатындар:
1) ресурстар (кадрлық; материалдық-техникалық; қаржылық);
2) оқушылар құрамы және қабылдау тәртібі;
3) білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;
4) жалпы орта білім беретін мектептердегі ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар және инновациялық процестер;
5) жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесін
жүргізудегі басқа құрылымдардың (кітапхана, ғылыми орталықтар) қызметі;
6) білім беру процесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету қызметі
(оқу жоспарлары, бағдарламалары, технологиялары);
7) білім беру мекемесінің халықаралық байланыстары;
8) кәсіпкерлік, қаржы-әкімшілік іс-әрекеті.
Ұйымдастыру – басқару құрылымы бойынша басқарушылық іс-
әрекетінің функциясы, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтау,
олардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, мақсатқа жету жолындағы
әдіс-тәсіл, құралдардың тиімдісін таңдау.
Ұйымдастыру процесінің кезеңдері:
1) еңбекті (қызметті) бөліп берудің тиімді формасын анықтау;
2) басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анықтау;
3) білім беру мекемелері бөлімі мен бөлімшелері қызметкерлері арасында
міндеттері мен құқықтарын анықтау, жұмыстарды бөлісу;
4) қызметке, іс-әрекетке, жұмысқа уақытты бөлу;
Жоспарлау
функциясы
Ұйымдастыру
функциясы