Әдістемелік бірлестік құжаттары: - оқу-әдістемелік құжаттары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім
стандарты, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары;
- білім мекемесіндегі әдістемелік бірлестігінің ережелері;
- әдістемелік бірлестікті құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп
директорының бұйрығы;
- әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері;
- сапалық құрамы (мұғалімнің портфолиосы);
- әдістемелік бірлестік жұмысының жоспары (тақырыбы, мақсаты,
міндеттері мектептің проблемасынан туындайды);
- жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары;
- оқу-әдістемелік семинарларға жасалатын баяндамалар жоспары;
- пәндік олимпиадалар, жобалар өткізу және оның нәтижелері
мониторингісі;
- әдістемелік бірлестік мүшелері жүргізетін пән үйірмелері, таңдаулы
курстар туралы мәліметтер;
- МАБ, ҰБТ-ға дайындық жүргізу, өткізу, мониторинг материалдары;
- дидақтикалық материалдар, ашық сабақтар, сынып сағаттарының
әдістемелік сандықшасы, өткізу кестесі; озық тәжірибелер жинағы;
- мұғалімдердің курстан өту кестесі; оқу кабинеттерінің материалдық-
техникалық жағдайы туралы мәлімет;
- мектепте эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы мәлімет
(болған жағдайда); әдістемелік бірлестік жұмысына аналитикалық талдау
(жылдың соңында);
- әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамалары.
А-қосымшада мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы, жұмыстың жылдық
циклограммасы берілді.