К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет257/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Сараптау  принциптері:  еріктілік,  жариялылық,  жүйелілік  және 
тұтастық, шынайылылық.  
Мұғалімдерді  сараптауда  педагогикалық  еңбектің  бағамы  –  оның 
нәтижелілігі  және  оқу-тәрбие  процесінің  сапасы      есепке  алынады.  Ол  әр  бес 
жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке 
өтінішіне орай өткізіледі.  
Біліктілік категориясын иемдеуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін 
мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: 
дәрістер  тобын  көрсету,  сыныптан  тыс  оқу  жұмыстарымен  таныстыру,  белгілі 
бағдарлама бойынша «емтихан» (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-
әдістемелік немесе тәжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау және т.б.  
Категория  иемдену  үшін  сараптамадан  өтуді  қаламаған  мұғалімдердің 
жалақысы тариф негізінде білімі және еңбек стажына орай белгіленеді.  
Кей  жағдайда  нақты  мұғалімнің  біліктілік  деңгейі  мен  оның 
тағайындалған  қызметіне  сәйкестігін  анықтау  үшін  сараптау  жұмысы 
әкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі 
мүмкін.  


208 
 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  бұйрығына  орай  қабылдаған 
«Мемлекеттік  және  жеке  меншік  білім  мекемелерінің  педагогикалық  және 
басқару  қызметкерлерін  сараптау  жөніндегі  Ережелеріне»  сәйкес  үш  түрлі 
сараптау комиссиясы түзіледі:  
1) бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы 
тарапынан республика, облыстар құрамында түзіледі;  
2) аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі білім 
басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;  
3) білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы –  мектептің педагогикалық 
кеңесі ұсынысымен құрылады.  
Әр  комиссия  өз  құзырына  сай  мәселелерді  шешеді.  Сараптау 
комиссиясының  қабылдайтын  негізгі  шешімі  –  біліктілік  санатын  тағайындау. 
Қазіргі күнде әрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік санаты белгіленген:  
1) жоғары санат –  оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;  
2) бірінші  санат  –  оны  аудандық  (аймақтық)  не  қалалық  комиссия 
тағайындайды;  
3) екінші санат – мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.  
Мұғалім не басшы қызметінің бағамы, екі кешенді көрсеткіштер бойынша 
іске  асырылады:  қызмет  нәтижелерін  қорытындылау  (шығармашылық  есеп, 
ғылыми-әдістемелік  не  тәжірибе-эксперимент  жұмыс  түрінде)  және 
практикалық  іс-әрекеттің  эксперттік  бағамы  әртүрлі  баламадағы  психикалық- 
педагогикалық сараптама).  
 Біліктілік  санаты  құжаттық  материалдар  (еңбек  өтілі,  мінездеме, 
мұғалімдердің  біліктілігін  көтеру  курстарын  өткені  жөніндегі  сертификат) 
негізінде беріледі.  
Сараптаудың  табысты  болуы  оның  ұйымдасуымен,  қойылатын  талаптар 
туралы  қажетті  ақпараттың  нақтылығымен,  қорғау  және  сараптама  жүргізу 
әрекеттерімен,  іскерлік  және  көңілге  қонымды  жағдайлардың  жасалуымен 
байланысты  болады. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының 
стратегиясы және тактикасын белгілеуде маңызды рөл атқарады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет