К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет28/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Өзін-өзі белсендіру – өзін-өзі дамытудың жоғарғы формасы, ол алдыңғы 
екі  формамен  тығыз  байланыста,  әсіресе  өзін-өзі  дамытумен  көптеген  ортақ 
мақсаты  мен  себептері  бар.  Өзін-өзі  белсендіру  –  бұл  әркімнің  өзіне  берілген 
міндетін орындауы, өзіне берілген қасиетті пайдалану арқылы айналасына әсер 
етуі.  Өзін-өзі  белсендіруге  қажеттіліктен  адам  өз  өмірінің  мәнін  іске  асыру 
мүмкіндігі  туындайды.  Өзін-өзі  белсендіру  мақсаты  –  қас-қағым  сәтте 
толыққанды өмір сүру. Бірақ адам бұл уақыттың қысқа екенін сезінбейді, егер 
адамның  өмірі  мән-мағынаға  толы  болса,  ол  өзін  толық  аша  алса,  өзінің 
қажеттілігін  сезіне  білсе,  ол  өзіне  де,  өз  өміріне  де  өте  риза  болып,  өмірінің 
ақырына  дейін  белсенділігін  жоғалтпай,  өмірінің  табыстарына  қуанып,  өзінің 
істеріне  көңілі  толумен  болады.  Өзін-өзі  белсендіруде  адам  болымысының  екі 
бағыты тоғысады: өзін-өзі тану мен өзіндік өсу.  
Өзін-өзі  тану  арқылы  адам  өзінің  қажеттілігін  мойындату  үшін  өз 
дарынын,  қабілетін,  мүмкүндіктерін  барынша  аша  түседі  және  соларды 
пайдаланады.   Өзін-өзі  белсендіруді  сезіну  –  өмірінің  мәнін  табу,  өзін  толық 
ашу,  өз  міндетін  толық  орындау,  өмірді  толық  сезініп,  өз  өмір  сүруінің  басты 
қажеттілігін түсіну, сезіну.  
А.Маслоу өзін-өзі белсендірудің 8 түрлі жолын бөліп көрсетеді:  
 1) бүкіл болымысымен бастан өткеру; 
 2)  өмір  әрқашан  таңдаудан  тұрады:  алға  жылжу  немесе  кейін  шегіну; 
жеке  таңдаулар:  өтірік  айту  немесе  шындықты  айту,  ұрлық  істеу  немесе 
ұрламау және  т.б.; 
 3) адамның  өзін-өзі тыңдай білу қасиеті: өзгенің емес өз пікіріне сүйену;  
 4) адал болу қасиеті: өзіне жауапкершілік ала білу қасиеті; 
 5) ерікті болу қасиеті; 
 6)  өз мүмкіндіктерін өзектендіру; 
 7)  қатты күйзеліс, әп-сәттегі рахат сәттеріне кепілдік беру мүмкін емес, 
оны іздеп әуре болудың да қажеті жоқ.  
 8) адамның өз кемшіліктерін   көре алуы, одан қорғануы және оны жоюға 
күш  салуы,  өз  өмірінің  мәнін  түсінуі,  қателіктерді  түзете  алуы,  өзің  тұлға 
ретінде мойындатуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет