272
құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Оған тиімді басқаруға мүмкіндік
беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің
технологиялық компоненті
педагогикалық процесті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды.
Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттері
жүзеге асыруды қарастырады. Осындай міндеттерді атқару менеджер-
жетекшінің
педагогикалық
талдау
мен
жоспарлау,
ұйымдастыру,
педагогикалық процесті бақылау мен реттеу бірліктерін меңгеруге негізделеді.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің
тұлғалық-шығармашылық
компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде
негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары
мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде
түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгерулер жетекшінің
тұлғалық ерекшеліктеріне де, басқару объектілерінің ерекшеліктеріне де
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: