42
4) Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын және нәтижелілігін,
оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның азаматтық, тұрмыстық
және кәсіби сапаларын) сәйкес келуін анықтайтын әлеуметтік санат.
П.И.Третьяков және Т.И.Шамова білім сапасына талдау жүргізіп, білім
сапасы тәуелді болатын бағдарларды айқындады:
- тұлға мен қоғамның қажеттіліктері;
- БЕД-дың қалыптасқан деңгейіне және басқа әлеуметтік маңызды
қасиеттері;
- қасиеттер мен нәтижелердің жиынтығы;
- мақсаттар мен міндеттер;
- білім беру мекемесінің бекітілген және болжанатын қажеттіліктерді
қанағаттандыру қабілеттері
Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген заманауи
көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын толық
елестетуге мүмкіндік береді. Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен
тұтынудың бүкіл процесін қамтитын көпаспектлі термин, ал білім
сапасы,маманды дайындау сапасы осы процестің соңғы, қорытынды
құрауышына қатысты болады.
Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясына
сәйкес төмендегілерді көздейді:
- білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің
талаптарына және білім беру стандарттарына сәйкес келуі (мемлекет, бизнес,
тұлға);
- мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің және
басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары қанағаттануы;
- білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз
жұмысына қанағаттануы;
- қоғамға оң ықпал ету, жалпы мәдениетін және оның мүшелерінің
біліктілігін арттыруы.
Сапаның жаңа философиясы сапаны белсенді басқарумен, ұйымдарда
заманауи менеджментті, оның ішінде сапа менеджменті қағидаларын енгізумен
тығыз байланысты.
Педагогикалық менеджмент аясындағы білім сапасын басқару – бұл кез
келген және кездейсоқ емес, жай ғана жақсылары емес, өз бетімен болатындары
емес, ол алдын ала белгілі, мүмкін болатын дәрежесі болжанған, білім
нәтижелеріне жетуге ұйымдастырылған және бағытталған ерекше басқару.
Сонда мақсаттар (нәтижелер) оқушының (түлектің) әлеуетінің даму аймағында
операциялар бойынша болжануға тиіс: ең жоғары, нақты оқушы үшін мүмкін
болатын, оңтайлы нәтижелер және т.б.
Қазақстандық
ғалымдар
А.А.Жайтапова,
З.М.Садвакасова
сапа
менеджментінің сегіз принципін анықтады:
Достарыңызбен бөлісу: