К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет104/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   195
Формалар - интерфейстің негізгі элементі. Формалардың 
тағайындалуы - деректерді, күйлерін, автоматтандырылған жүйенің 
хабарламаларын ыңғайлы түрде енгізу және қарап шығу.
Формаларды жобалаудың негізгі принциптері: 
■ 
форма алға қойылған мақсатты біршама ыңғайлы, біршама түсінікті 
және жылдамдатып шешуге қол жеткізу үшін жобаланады. Егер 
форма қағаз формасынан ауыстырылатын болса, онда аралас өрістер 
бойынша жылжып қозғалуы пайдаланушы үшін қиындықтар 
туғызбауы керек; 
■ 
ақпараттық бірліктерді форма кеңістігіне орналастыру оны 
болашақта пайдалану логикасына сәйкес келуі керек: бұл 
ақпараттық бірліктерде қажетті қатынау бірізділігімен, оларды 
пайдаланудың жиілілігіне, сондай-ақ, элементтердің салыстырмалы 
түрдегі маңыздылығына байланысты болады; 
■ 
толтырылмаған кеңістікті пайдалану маңызды, ақпараттық 
формалардың 
теңдігі 
мен 
симметриясын 
құру 
үшін, 
пайдаланушының назарын қажетті бағытта белгілеу үшін; 
■ 
элементтердің логикалық топтарын бос орындармен, жолдармен, 
түстердің немесе өзге де көзге көрінетін құралдармен бөлу қажет; 
■ 
өзара тәуелді немесе байланысты элементтер бір формада бейнеленуі 
керек.
Формаларды әзірлеген кезде жүйелік мәзірдің жолағында қандай 
батырмалар қалай және қай терезеде қолжетімді болуы керектігі, не 
болмаса пайдаланушының терезелердің тақырыптарын қалай, қандай 
өлшемде өзгерте алатындығын ойлап, көрсету қажет.
Айрықша қажеттіліктерсіз терезелерді өзгертілген өлшемде жасау. 
Өлшемдер өзгерген кезде, егер оларға арнайы тәсілдер қолданылмаса, 
терезелердің жинақтылықтары бұзылады да, пайдаланушы өз 
операцияларынан ештеңе ұтпайды. Терезенің мәні оның өлшемдерін 
өзгеретіндей ету, егер бұл пайдаланушыға онда орналасқан бейнелеу 
компоненттерінің пайдалы алаңы және ақпараттарды: мәтіндерді


155 
бейнелерді, тізімдерді және т.с.с. редакциялауға мүмкіндік беретін 
болса.
Егер өзгеретін терезе жобаланып отырса, онда оның компоненттері 
терезеде де өз өлшемдерін немесе орналасқан жерлерін өзгерте 
алатындай, терезелерді алаңда бірдей орналастыру қажет және бос 
орындарды қалдырмайтындай шара қабылдау керек.
Басқарушы элементтер мен онымен функционалды байланысқан 
экран компоненттері көзбен қарағанда топтарға біріктірілуі тиіс, 
олардың тақырыптары анық көрініп, олардың тағайындалған мақсатын 
нақты түсіндіруі керек.
Әрбір терезенің оған бағынышты үйлесіммен орталық тақырыбы 
болуы керек. Пайдаланушы бұл терезенің не үшін арналғандығын және 
мұнда не маңыздырақ екендігін түсінуі керек. Терезені ақпараттарды 
енгізу мен бейнелеуді басқару элементтерінің көптеген сандарымен 
артық жүктеуге болмайды. Функциялары жағынан ұқсас басқару 
органдары әр терезеде әртүрлі аталуына немесе терезелердің әртүрлі 
орындарында аталуына болмайды. Қосымша жүйенің жұмыс 
кеңістігінің жалпы ұйымдасуында қалай жазылса, ол басқа 
қосымшалармен қалай өзара байланысатыны туралы да ойланған дұрыс.
Ақпарат саны көп формаларда тарауларды атауларын пайдалану 
керек, олар оған тиесілі ақпараттың сипатына сөзсіз куәлік етеді.
Тақырыптар мен енгізу өрістерінің тікелей бейнеленуін анық бөліп 
алу керек, себебі мұндай шатасу пайдаланушы үшін жайсыздық 
тудырады, тақырыптары қысқа, таныс және мазмұнды болуы керек. 
Толтыруға міндетті емес өрістер, не болмаса маңыздылығы жоқ өрістер 
маңызды және толтыруға міндетті өрістерден көзбен көргенде ажырата 
алатындай (түстермен немесе басқа әсерлермен) бөлініп көрсетілуі 
керек. Енгізу мүмкін болатын барлық өрістерге келісім бойынша 
мәндердің енгізілуін қамтамасыз ету керек және мұндай функция 
пайдаланушы үшін жағымсыз болмауы керек. Қайталанатын мәндерді 
енгізуге арналған пернелерді немесе кодтарды тағайындауға болады. 
Деректерді енгізу үшін жоғарғы және төменгі регистрлер арасында жиі 
ажыратып қосуды алып тастау керек. Пайдаланушыдан маңызды емес 
цифрларды (мысалы, 00000010 орнына пайдаланушы тек 10 енгізуі 
керек) енгізуін талап етуге болмайды. Осыған ұқсас пайдаланушының 
жүйеден автоматты түрде алуға болатын немесе алдын-ала енгізілген 
ақпаратты енгізуін талап етуге болмайды. Келісім бойынша мәндерді 
қолданған дұрыс, мұнда олар ақпараттарды енгізу процесін азайтуға 
мүмкін болады.
Навигация жүйесін және күйлерді көрсету жүйесін ұйымдастыру. 
Навигация пайдаланушыға түрлі экрандар арасында, ақпараттық 
бірліктер мен автоматтандырылған жүйедегі қосалқы бағдарламалар 
арасында жылжу қабілетін қамтамасыз етеді. Толыққанды жүйеде 


156 
пайдаланушы жүйенің күйі, қосалқы бағдарлама немесе орындалу 
процесі туралы ақпаратты ала алады.
Пайдаланушыға жүйеде бағдарлап жүру үшін көмек болатын 
навигациялық құралдар мен тәсілдердің қатары бар: 
■ 
әрбір экран үшін беттердің тақырыптарын қолдану; 
■ 
беттердің нөмерлерін: жолдардың және бағандардың нөмірлерін 
қолдану; 
■ 
экранның жоғарғы жағында файлдың ағымдағы атын көрсету. 
Навигация жүйесінің типі қабылданған интерфейс стиліне 
байланысты болады. Командалар тілінің интерфейсі үшін толыққанды 
навигацияны қамтамасыз етудің тәсілдері өте аз. Мәзірі бар 
интерфейстерде иерархиялық-құрылымдалған мәзірді қолдануға 
болады. Диалогты интерфейстер олар пайдаланушыны қате 
әрекеттерден қорғайды. Күй ақпараты әдетте экранның төменгі жағынан 
көрсетіледі де, жазбалардың саны, іріктеліп алынған бірліктердің саны, 
басып шығару процесін, басып шығару кезегі деректерінен және т.б. 
тұрады.
Хабарламалар пайдаланушының әрекетін қажетті жолға бағыттау, 
міндетті шешу жолында қажетті әрекеттерді орындауға арналған көмек 
ескертпелер үшін қажетті. Олар сондай-ақ, пайдаланушы тарапынан 
әрекеттерді растауды және жүйенің сәтті орындауы, не болмаса қандай 
да бір себептермен орындалмағандығын растауды қамтиды. 
Хабарламалар диалог, экрандық бет басы түрінде және т.с.с. шығарылуы 
мүмкін.
Хабарламалар пайдаланушыға мынаны ұсына алады: ұсынылған 
баламалардан бір опцияны немесе опциялар жиынтығын таңдау; бір 
ақпаратты енгізу; кез келген өзге әрекетті қабылдамас бұрын 
пайдаланушыға сауалдарға жауап беруге мәжбүрлеу. Бұл жүйе 
пайдаланушының жұмысты жалғастырмас бұрын шешім қабылдауына 
мәжбүрлеген кезде пайдалы болуы мүмкін. Модальды емес диалогты 
терезелер интерфейстің басқа элементтерімен жұмыс істеуге мүмкіндік 
береді, ал осы уақытта ол өзі елемеуі мүмкін.
Пайдаланушы интерфейсін қолданудың ыңғайлылығы - осы 
интерфейстің көмегімен, оны қолданумен, кіріс деректерін даярлаумен 
және шығыс деректерінің интерпретациясы көмегімен бағдарламалық 
жүйемен жұмыс істеу принциптерін зерделеуге қажетті күш-жігерді 
айқындауға мүмкіндік беретін сапа көрсеткіші. Әйтпесе, басқаша 
айтқанда, пайдаланушының адам-машина (пайдаланушы) интерфейсі 
арқылы берілетін жүйенің функцияларына қарапайым қатынау 
дәрежесін айқындайтын пайдалану ыңғайлылығы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет