226 11-тарау CASE-ҚҰРАЛДАР CASE-ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР Жобаны қаржылық және уақыт ресурстарының шектеулері кезінде,
құрастырылатын бағдарламалық қамсыздандырудың үлкен өлшемдері
мен жоғары күрделілігі ақырғы бағдарламалық өнмнің және тұтастай
жүйенің төменгі сапасына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты
соңғы уақытта, бағдарламалық қамсыздандырудың тіршілк циклы
процестерінің автоматтандыруын қамтамасыз ететін аспаптық
құралдарға (CASE-құралдарға) және заманауи технологияларға назар
көбірек аударылады. Осындай аспаптық құралдарды пайдалану,
құрастыру процесінің сапасын бір мезгілде арттыра отырып, жүйені
құрастырудың ұзақтығын және құнын, және осының салдарынан
құрастырылған бағдарламалық құралдардың сапасын едәуір қысқартуға
мүмкіндік береді.
CASE (Computer
Aided
Software/System
Engineering)
-
бағдарламалардың жоғары сапасын, қателердің болмауын және
бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсетудің қарапайымдылығын
қамтамасыз етуге көмектесетін, бағдарламалық қамсыздандыруды
жобалауға арналған бағдарламалық инженерияның құралдары мен
әдістерінің жиынтығы. Сонымен қатар CASE дегенде, CASE-
құралдарын пайдалан отырып, ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
мен құраладарының жиынтығын түсінеді.
Бағдарланы құрастыруды автоматтандыру құралдары (CASE-
құралдар) - БҚ құрастырушының жүйелік талдаушысы үшін
бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау және құрастыру процестерін
автоматтандыру құралдары.
Бастапқыда CASE термині Computer Aided Software Engineering
(бағдарламалық
қамсыздандыруды
жобалауды
компьютерлік
сүйемелдеу) ретінде түсіндірілген. Алайда ISO/IEC 14102 стандартының
келуімен CASE-құралдар БҚ өмірлік циклының процесін сүйемелдеуге
арналған бағдарламалық құралдар ретінде анықталатын болды. Бүгінгі