К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет129/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН 
БАҒАЛАУ 
 
Бағдарламалық қамсыздандырудың құнын бағалау процесі біршама 
күрделі міндет болып табылады. Ол бағдарламалық өнімге қойылатын 
талаптарды талдау сатысынан басталады да, іске асыру сатысында 
жалғаса береді. Осы міндетті шешуге көптеген тәсілдер бар, бірақ 
кепілді нәтиже беретін әмбебап әдістеме жоқ.
Пайда болған жағдайларда бағдарламалық қамсыздандыруға 
салымдардың тиімділігін бағалау проблемасы тым өзекті болады. 
Ақпараттық технологияларға инвестициялардың қажеттілігін қалай 
негіздеуге болады? Бағдарламалық өнімдерді пайдаланудан түсетін 
пайда мен осы инвестициялардың арасындағы өлшемдердің саналы 
өрнегіне қалай жетуге болады? Осы сауалдарға жауап беріп көрейік. 
Бағдарламалық қамсыздандырудың тиімділігі - бұл өз мақсатына 
сәйкестілік дәрежесі. Экономикалық тиімділікті бағалау ақшалай түрде 
өрнектелген шығындар мен нәтижелерді салғастыруға негізделген. 
Экономикалық тиімділікке қойылатын негізгі талаптар талап етілген 
тұрақтылыққа нәтижелер мен шығындардың арақатынасын және 
олардан асатын талаптар болып табылады.
Қазіргі таңда бағдарламалық жобаларды енгізудің экономикалық 
тиімділігінің келесі көрсеткіштерін бөліп көрсетеді:
■ 
ішкі табыс нормасы (IRR - Internal Rate of Return); 
■ 
таза берілген құны (NPV - Net Present Value); 
■ 
ақталу мерзімі (PB - Payback Period); 
■ 
иелік етудің бірлескен құны (TCO - Total Cost of Ownership); 
■ 
инвестицияларды қайтару нормасы (ROI - Return of Investment); 


201 
■ 
бизнес үшін мүмкіндіктер құндылығы (TVO - Total Value of 
Opportunity). 
Көбінесе ұйымдар бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алуға 
жұмсалатын тура шығындарды ғана есепке алады, ал жанама шығындар 
сүйемелдеуге және қолдауға (жаңарту және басқалары) байланысты 
шығындар негізінен, ескерілмейді.
Бағдарламалық өнімдерге инвестициялар салудың тиімділігін 
бағалау міндетін шешудегі шетелдік тәжірибе ақпараттық 
технологияларға иелік етудің бірлес құнын бағалау (Total Cost of 
Ownership - ТСО) тұжырымдамасы болып табылатын кеңінен таралған 
әдістерінің бірі екендігін көрсетеді. 
ТСО деп бағдарламалық өнімді оның пайдаланудан шыққан сәтіне 
дейін жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және енгізуге жұмсалған барлық 
шығындарды сомасы түсіндіріледі. Иелік етудің бірлескен құнын 
есептеудің екі негізгі моделі бар: Gartner Group ұсынылған 
тұжырымдама және Microsoft және Interpose бірлескен күшінің 
нәтижесі. Gartner ұсынған әдістеме бойынша барлық шығындар 
белгіленген және ағымдағы болып бөлінеді.
Белгіленген шығындар жүйені енгізу сатысында бір рет жүргізіледі. 
Оларға мыналар жатады: жобаны әзірлеу және енгізу құны, аппараттық 
және бағдарламалық қамсыздандыруды енгізуге қажетті бастапқы сатып 
алулар, сырттан кеңесшілерді тарту.
Ағымдағы шығындар - жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін 
шығындар. Бұл жүйе жұмыс істеп тұрғанда талап етілетін шығындар. 
Оларға мыналар жатады:
■ 
жүйені жаңарту мен жаңғырту
■ 
жалпы жүйені басқару - әкімшілік ету, әкімшілікті және соңғы 
пайдаланушыларды оқыту, қызметкерлердің жалақысы, сыртқы 
ресурстарды тарту; 
■ 
«пайдаланушының белсенділігі» - бағдарламалық қамсыздандыруды 
толықтырып жасау, бағдарламалық қамсыздандыруды қосымша 
баптау, деректермен жұмыс істеу, пайдаланушының құзыретті емес 
әрекеттерінің салдары. 
Барлығы қарапайым сияқты - тек жоғарыда аталған баптардың әрбірі 
бойынша шығындарды ғана санау керек. Бірақ барлық шығындарды 
санау жеңіл емес - олардың біршама бөлігі алдын-ала салынбайды да, 
ешбір жерде есептелмейді де. Мұнда ТСО құрамына кіретін 
шығыдардың 75% соңғы пайдаланушылардың проблемаларына 
негізделген. Microsoft және Interpose әзірлеген ТСО моделінде әсіресе 
осы шығындар есепке алынады. Олардың әдістемесіне сәйкес шығындар 
тура және жанама деп бөлінеді. 


202 
Иелік етудің бірлескен құнын қарапайым формула бойынша 
есептеуге болады 
ТСО = Тш + Жш, 
мұндағы Тш - тура шығындар; Жш - жанама шығындар.
Тура шығындар - бюджетпен қарастырылатын және жоспарланатын 
шығындар, жанама шығындар жоспарлауға түспейтін және тіпті 
тіркелмейтін орта шығындардың 50%-дан артығын құрайды. Оларға, ең 
алдымен, барлық пайдаланушы шығындар (формалды емес оқыту, 
дербес қолдау, қателер мен есептер) және істен шыққан немесе 
жоспарлық сақтандыру тоқтауларының есебінен жатады. Көбінесе 
жанама 
шығындар 
бағдарламалық 
өнімнің 
жұмысындағы 
кемшіліктермен туындаған уақытты жоғалтуға байланысты.
Салымдардың тиімділігі (инвестицияларды қайтару, ROI) - бұл 
бағдарламалық өнімдерді енгізу есебінен сипаттайтын көрсеткіш. Ол 
инвестициялардың бастапқы құнына берілген бағдарламалық өнімді 
енгізуден күтілетін дисконтты түсімдердің өрнегі ретінде есептеледі: 
ROI = Эф / А, 
мұндағы Эф - ақша бірліктерімен өрнектелетін енгізу тиімділігі; А - 
ақпараттық жүйелерге инвестициялар (ИТ). 
Модель ROI де Gartner Group тиесілі. Табыс бөлігін бағалау үшін, 
негізінен, бағдарламалық жобаны енгізу арқылы немесе қандай да бір 
бағдарламалық жаңа өнімдердің пайда болуы арқылы қол жеткізілетін 
мақсат бизнесіне талдау жасалады. Бизнестің өлшеуші көрсеткіштерін 
алады, мысалы, операциялық шығындарды қысқарту, бәсекеге 
қабілеттілік күйін қолдау, ішкі бақылауды жақсарту, және тиімділікті 
бағалайды. Шығын бөлігі ретінде көбінесе ТСО көрсеткішін жиі 
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет