31
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ӨМІРЛІК
ЦИКЛЫ ПРОЦЕСТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
БАЙЛАНЫС
ISO/IEC 12207 стандартымен реттелетін БҚ ӨЦ процестерін түрлі
ұйымдар әр түрлі тәсілмен нақты жобаларда қолдануы мүмкін. Сонда да,
стандарт әр түрлі көзқараспен алғандағы процестер арасындағы өзара
байланыстың негізгі жиынтығын ұсынады. Мұндай аспектілер болып
табылатындар:
■
шарт аспекті;
■
басқару аспекті;
■
пайдалану аспекті;
■
инженерлік аспекті;
■
сүйемелдеу аспекті.
Шарт аспектісінде тапсырыс беруші мен жеткізуші шарт қарым-
қатынасына түседі және тиісінше сатып алу және жеткізу процестерін
іске асырады. Басқару аспектінде тапсырыс беруші, жеткізуші,
әзірлеуші, оператор, сүйемелдеу қызметі мен БҚ ӨЦ қатысатын өзге
қатысушылары өздерінің процестерін орындауды басқарады. Пайдалану
аспектісінде жүйені пайдаланатын оператор пайдаланушыларға қажетті
қызметтерді ұсынады. Инженерлік аспектісінде әзірлеуші немесе
сүйемелдеу қызметі тиісті техникалық міндеттерді шешеді, ол
бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді немесе түрлерін өзгертеді.
Сүйемелдеу аспектісінде қосалқы процестерді іске асыратын қызметтер
жұмыстың қалған қатысушыларының барлығына қажетті қызметтерді
көрсетеді.
Стандартта сипатталған процестер арасындағы өзара байланыстар
тұрақты сипатта болады. Процестер мен іске асырушы тараптар
арасындағы ең маңызды динамикалық байланыстар нақты жобаларда
белгіленеді.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ
ҰЖЫМДЫҚ ӘЗІРЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жобаны дамыту барысында әзірлеушілердің командасы осы не басқа
функцияларды орындайды. Түрлі жобалардағы функциялар түрлі
32
мазмұнда болады. Алайда, бағдарламалардың барлығы типтік
функцияларды болжайды. Осылайша, кез келген бағдарламалық жобада
кодтау функциясы - бағдарламаларды бар сипаттамаларына қарай
алгоритм тіліне жазу, талаптарға талдау, яғни, құрылатын
бағдарламалық өнімге деген қажеттілікті анықтау, тестілеу және ретке
келтіру мен т.с.с. Кез келген жобаның менеджерінің міндеттемелері
шеңберінде орындаушылар арасындағы жоба функцияларын таратуды
ұйымдастыру қажет. Нәтижесінде жобаны орындайтын команда
мүшелері тиісті рөлдерін ойнай бастайды.
Әдетте рөл жақын функцияларды біріктіреді. Сонымен бірге, кейде
рөлдерді бас функциялар деп те атау қабылданған.
Әзірлеушіге белгілі бір рөлдің орындаушысы ретінде орындау
ұйғарылған функцияларды жобадағы тапсырмалармен шатыстырудың
қажеті жоқ. Тапсырма - бұл бір рет немесе жүйелі түрде берілетін
тапсырма, әдетте бір немесе басқа функцияны орындау үшін қажетті
әрекеттерден қалыптасады, Егер функция үшін тапсырмаларды орындау
регламенті айқындалған болса, яғни оның тапсырмасын құраушыларды
орындау бірізділігі орындаушы үшін қосымша түсіндірулерді талап
етпесе, онда мұндай функция технологиялық деп аталады. Кез келген
жобаны әзірлеу кезінде олардың технологиялылығын арттыруға,
функциялардың көптеген санына регламентті белгілеуге деген
талпыныс тән. Сондай-ақ, менеджер үшін бұған қол жеткізудің бірі
қажетті біліктілігі бар қызметкерлерді қолдану болып табылады, олар
үшін берілетін рөлдер технологиялық болады, яғни технологиялық
функциялардан ғана тұратын, ол нақты жағдайларда әрдайым мүмкін
емес.
Жобада әзірлеушілер орындайтын функциялар ұйымдастырушы
және өндірістік деп ажыратылады. Алғашқылары жоба міндеттерін
орындау үшін құрады, екіншілері олармен тікелей байланысты
міндеттерді орындау үшін құрылады. Көбінесе жобаның сәтсіздіктері
менеджердің ұйымдастыру функцияларын ескеруден туындайды.
Осылайша, әдетте жобалық міндет тапсырыс берушіге нәтижелер
ретінде тапсырыс берушіге не ұсыну қажеттілігін ғана белгілейді. Бір
жағынан алып қарағанда, нәтижелерді білу қажет емес, мысалы,
әзірлеушілер арасындағы жобалық материалдарды тапсыру қалай
ұйымдастырылған, есептіліктің қандай процедурасы көзделеді, алайда
жобада ақпараттық ағынды іске асыру міндеттерін ескермеу хаос
тудыруы мүмкін де, соңында ол нәтижелерде көрінеді.
Әзірлеушілердің құрамы олардың рөлдерінің мәні мен олардың
орындайтын жобаларының байланысы орындаушылардың ұжымына,
қабылдаған технологияларына, басқа факторларына байланысты
|