Қуаттылығы 500 МВт асатын гидрогенераторларда ротордың диаметрі
оның 2 м ҧзындығы бойында 15 м қҧрайды.
Дизель-генераторлар
айналымға іштен жану қозғалтқыштары арқылы
келтіріледі. Оларды біліктері кӛлденең орналасқан айқын полюстілерден
жасап шығарады. Мҧндай генераторлардың қуаттылығы 100-ден 1500
айн/мин дейін айналу жиілігінде бірнеше киловольт-амперден бірнеше
мегавольт-амперге дейін жетеді.
Айқын емес полюсті синхронды машина
негізінен
жылу
электрстанцияларында генератор ретінде қолданылады және айналымға
айналу жылдамдығы 3000 айн/мин болатын бу турбинасымен келтіріледі
(50 Гц жиілікте).
Есте сақтаңыздар!
■
Синхронды машинаның роторы айқын және айқын емес полюсті
болады.
■
Синхронды генераторларды электрстанцияларында электр энергиясын
жасаушы негізгі қҧрылғылар ретінде қолданады және оларды турбо,
гидро және дизель-генераторлар деп жіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: