электрхимиялық эквиваленті деп аталады.
Және ол α әрпімен белгіленеді.
Фарадей заңы келесідей формуласымен ӛрнектеледі:
,
мҧнда М – заттың мӛлшері, мг; α – электрхимиялық эквивалент; І –
ток, А; t – уақыт; q – электр мӛлшері, К.
Электролиз техникада металдарды басқа металл қабатымен
жабу (гальваностегия) тҥрінде, заттарды кӛшірме тҥсіргенде
(гальванопластика), металдарды тазалау (тазарту) және т.б. кең
тараған.
Электролиз қҧбылысы бір қатар жерасты қҧрылымдарына
қауіп тӛндіреді. Электролиздің әсерінен кезбе токтары кабельдердің
сауыттарын, су және газ қҧбырларын және басқа металл
қҧрастырылымдарды бҧзады. Аталмыш токтардың ең басты кӛзі
болып – кӛліктің –электржабдықтары - трамвайлар және электрленген
темір жолдары болып табылады. Әсіресе кезбе токтардың әсері
жерасты телефон кабельдеріне зиянды.
БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 1. Фарадей заңының мәнісі қандай? Заңды тҧжырымдаңыз.
2. Қандай заттар электролиттер немесе екінші тҥрдегі ӛткізгіштері
деп аталады?
3. Электрхимиялық эквивалент дегеніміз не?
4. Электролиздің ӛнеркәсіпке келтіретін қаупі қандай?
БАЯНДАМАЛАР ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ: 1. Электр тогының жылу әсерін ӛнеркәсіпте пайдалану.
2. Электролиздің техникалық қолдануы.
3. Электр қыздыру қҧралдары.
4. Термоэлектрлік. Терможҧптар.
5. Электр тізбектерін есептеу ҥшін Кирхгоф заңдарын қолдану.
3 тарау ЭЛЕКТРМАГНЕТИЗМ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ Осы тарауды зерделеу нәтижесінде сіз:
Мына дағдыларды меңгересіз: -
магниттік тізбесі элементтерінің шамаларын олардың
сипаттамалары бойынша табуды;
-
толық ток заңын қолдану;
-
ықпалдандырылған ЭҚК анықтау;
-
индуктивтік шарғыларды анықтау;