БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 1. Қандай қҧбылысты ӛзара индукция деп атайды?
2.Қандай жағдайларында ӛзара индукциясының ЭҚК пайда
болады?
3.Қандай шарғылары магнитті байланысқан деп аталады?
4.Қандай бірлікте ӛлшенеді ӛзара индуктивтілік?
3.2.4. ҚҦЙЫНДЫҚ ТОКТАР Ӛзгеретін магниттік ағын ЭҚК тек қана сымдар немесе
индуктивтік шарғылардың айналмаларында емес, сонымен қатар
электртехникалық қондырғылардың қомақты болат ӛзекшелерінде,
сауыттарында және басқадай металл бӛлшектерінде индукциялауға
қабілеті бар. Бҧл ЭҚК электртехникалық қҧрылғылардың қомақты
метал
бӛлшектерінде,
олардың
қалың
жерлерінде
қысқа
тҧйықталуымен әсер ететін индукцияланған токтардың пайда болу
себептері болып табылады. Аталмыш токтар
қҧйындық токтар деп
аталады.
Қҧйындық токтардың табиғаты кәдімгі сымдарда немесе
индуктивтік шарғыларда индукцияланатын токтарына ҧқсас. Қомақты
ӛткізгіштердің азғантай кедергісінің арқасында қҧйындық токтар
индукцияланатын ЭҚК мӛлшері шамалы болса да осы ӛткізгіштердің
шамадан тыс қызып кетуін туындатып, ең кӛп мәндеріне жетеді.
Қҧйындық токтардың зиянды әсерін азайту тәсілдері .
Электр машиналарында және аппараттарында қҧйындық токтардың
әдетте болмағаны жӛн. Себебі олар метал ӛзекшелердің қызып кетуін
тудырады. Энергияның жоғалуына әсерін тигізеді (былай айтқанда,
қҧйындық токтардан келетін жоғалтулар), электр машиналарының
және аппараттардың ПӘК тӛмендетеді және Ленц ережесіне орай
магнитсіздендіргіш әсерін тудырады. Қҧйындық токтардың зиянды
әсерін азайту ҥшін негізгі екі негізгі тәсілдерін қолданады.
1.Электр машиналардың және аппараттардың ӛзекшелерін бір
бірінен оқшаулау қабатымен оқшауланған (лак қабықшасымен,
парақтарды кҥйдіргенде пайда болатын темір қағымен және т.б.)
қалыңдығы 0,35-1,0мм болатын жекелеген болат парақтарынан
дайындалған.
2. Электр машиналардың және аппараттардың ӛзекшелері
дайындалатын электртехникалық болаттың қҧрамына 1-5% кремний
енгізеді. Бҧл ӛз кезегінде, оның электрлік кедергісінің кӛтерілуін
қамтамасыз етеді. Осының арқасында электр машиналардың және
аппараттардың ӛзекшелері арқылы ӛтетін қҧйындық токтардың
кҥштерінің тӛмендеуіне жетеді.