Егер де механикалық энергия кӛзі электрқозғалтқыш болып
табылатын болса, онда машина немесе механизмді электржетек қозғалысқа
келтіреді. Станоктар, электрлік кӛлік, ӛнеркәсіп роботтары және
манипуляторлар электржетек кӛмегімен қозғалысқа келтіріледі.
Электржетектің басты функциясы – жҧмыс механизмін
қозғалысқа келтіру және технологиялық процесс талаптарына сәйкес оның
жҧмыс режимін ӛзгерту.
Электржетектің басты қҧраушылары электрқозғалтқыш,
беріліс механизмі және басқару аппаратурасы болып табылады.
Электржетектің тҥрін және оны басқару әдісін таңдау электрді
жеткізу жҥйесінен, жҧмыс істеу режимдерінен және объектінің (станоктың,
кӛлік қҧралдарының, механизм және ӛзгелері) сипаттамаларынан тәуелді.
Егер де айналым жиілігінің реттелуіне, іске қосу сәтінің
немесе іске қосу тогының мәніне арнайы талаптар қойылмаса, онда
қозғалтқышты таңдау кезінде қысқатҧйықталған роторы бар асинхронды
қозғалтқыштарды таңдаған жӛн. Олардың қондырғысы қарапайым, оларды
басқару оңай және қолданыста аса сенімді.