Сымдар бір талшықты, кӛп талшықты және арнайы профильді
талшықтар болып бӛлінеді.
Кӛбінесе кӛп талшықты ӛткізгіштер қолданылады (сур. 8.6). Электрді
жеткізуге арналған сымдар мыс, алюминий, болаттан жасалынуы мҥмкін.
Мыс – сирек кездесетін материал, сол себепті сымдар ҥшін оны сирек
қолданады. Кӛп жағдайда алюминий мен болаттан жасалған кӛп талшықты
сымдар пайдаланылады. Ондай сымның ӛзекшесі болаттан жасалған. Ал
оның ҥстіне алюминий талшықтары оралған. Осының салдарынан жақсы
электр ӛткізгіштік (алюминий) мен механикалық беріктік (болат) алынады.