бірінші категорияға жатады. Олар электр энергиясын кем дегенде екі
тәуелсіз және ӛзара резервілейтін қоректендіруші кӛздерден алулары тиіс.
Электрмен жабдықтау кезіндегі ҥзіліс ӛнімнің беру кемістігіне
әкелетін, қызметкерлердің, механизмдердің, ӛнеркәсіп кӛлігінің жаппай
тҧрып қалуын тудыратын, қала және ауыл тҧрғындардың айтарлықтай
бӛлігінің әдеттегі жҧмыс істеуін бҧзатын болса, ондай тҧтынушылар екінші категорияға жатады. Олар электр энергиясымен екі тәуелсіз кӛздерден
қамтамасыз етіледі. Олардың біреуі электрмен жабдықтау кезінде бҧзылатын
болса, белгілі бір уақытқа электрмен жабдықтау ҥзілістерін жасауға болады.
Ал осы уақыт ішінде кезекші қызметкерлер немесе оперативті шығу
бригадасы резервті қоректендіруді қосулары қажет.