К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет238/243
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#11318
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243
    БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 
 
1. Электролиз деп нені атайды? 
2. Гальваностегияның гальванопластикадан айырмашылығы неде? 
3. Алюминийді электрохимиялық процестер кӛмегімен қалай алады? 
4. Вакуумдық тозаңдау қайда қолданылады? 
 
8.3.3. ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ 
 
Электрлік  жарықтандыру  мен  жарық  кӛздері  адам  еңбегі  мен 
демалысы  ҥшін  қажетті  жарық  жағдайларын  қалыптастыруға  арналған. 
Соңғы  жылдары  жарық  кӛздері  технологиялық  мақсаттарға  (кептіру, 
ауылшаруашылық  ӛнімдерін  сәулелендіру,  химиялық  заттектерді  алу, 
ақпараттық техникада және т. б.) кеңінен қолданылып келеді. Біздің елімізде 
жарықтандыру  ҥшін  барлық  ӛндірілетін  электр  энергиясының  10  %-дан 
артығы қолданылады.  
 
Жарық  кӛзі  деп  энергияның  тҥрленуі  нәтижесінде  жарық  шашатын 
денені атайды.  
Іс  жҥзінде  барлық  заманауи  жарық  кӛздері  ӛңделмеген  энергияны 
тасымалдағыш  ретінде  электр  тогын  пайдаланады  және  электрлік  деп 
аталады.  Жарық  кӛздеріне  спектрдің  кӛрінетін  бӛлігі  оптикалық  (толқын 
ҧзындығы  380—780  нм),  ультракҥлгін  (10—380  нм)  және  инфрақызыл  (780 
— 10 нм) сәулеленген қҧрылғылар жатады. 


Оптикалық  сәулелендіру  кӛздері  жылу  (қыздыру  денесін  жоғары 
температураға  дейін  қыздыру  кезінде)  және  газразрядты  (электр  тогының 
газдарда ӛтуі кезінде) болып бӛлінеді. 
Жылу  кӛздеріне  қыздыру  шамдары,  кӛмір  доғалары,  инфрақызыл 
электржылытқыштар, ал газразрядтағыларға люминесценттік шамдар, доғалы 
сынап  шамдар,  доғалы  жоғары  сапалы  және  импульстік  разрядты  шамдар 
жатады. 
Жарықтың  электр  кӛздері  электрлік  және  жарық  параметрлерімен 
сипатталады.  Электрлік  парметрлерге  жататындар.  Номинал  кернеуі,  Рн   
номинал  қуаты,  1н  шамының  номинал  тогы,  жарық  параметрлеріне  –– 
шамнан шашылатын, люменмен ӛлшенетін Ф жарық ағыны, шамның жарық 
берісі, жарық ағынының тҧрақтылығы. 
Қыздыру  шамының  негізгі  бӛлігі  (8.13-сурет)  болып  электр  тогы 
ӛткенде қызған кезде оптикалық сәулелендіруге алып келетін қыздыру денесі 
табылады.  Қазіргі  кезде  қыздыру  денесі  ретінде  вольфрам  негізіндегі 
қорытпалардан  жасалған  спираль  пайдаланылады.  Шыны  қҧты  1  денені  3 
және электродтарды 4, 5 (ток кіргізімдері)    сыртқы ортадан оқшаулайды.  
 
8.13-сурет. 
Заманауи 
қыздыру 
шамының қҧрылымы:  
1  —  қҧты;  2  —  қҧты  қуысы 
(вакуумдалған 
немесе 
газбен 
толтырылған); 3 — қыздыру денесі; 
4,  5  —  қыздыру  денесін  ілмек-
ҧстағыштар; 7 — шам аяқшасы; 8 — 
кіргізім токтарының сыртқы буыны, 
сақтандырғыш; 

— 
цоколь 
корпусы; 
10 
— 
цоколь 
оқшаулағышы (шыны); 11 — цоколь 
тҥпшесінің тҥйіспесі 
 


Қҧты  қуысынан  ауа  сорылады  және  ол  инертті  газбен  немесе  газдар 
қоспасымен  толтырылады.  Ток  ӛткізгіш  жетектер  бір-бірінен  оқшауланған 
сыртқы электродтарға балқытып жапсырылған. Жарық беруді кҥшейту ҥшін 
қыздыру денесінің бетін арттырады. Сол себепті кӛпшілік шамдарда қыздыру 
денесі  жіп  немесе  жіңішке  жіптен  жасалған  спираль  тҥрінде  жасалады. 
Қыздыру 
шамдарының 
кейбір 
қҧрылымдарында 
шағылыстыратын 
қаптамалар пайдаланылады. 
Қыздыру  шамдары  қҧрылысы бойынша  және  пайдалануда  қарапайым 
болып келеді. Арзан және арнайы іске қосу аппаратурасын қолдануды қажет 
етпейді.  Олардың  маңызды  кемшілігі  ––  жарық  тудыратын  спектрдің 
кҥндізгіден айырмашылығы және аз жарық беруі. Мҧндай шамдар қызметінің 
орташа ҧзақтығы шамамен 1000 сағ. 
Люминесценттік  лампа  –  кӛрінетін  жарық  негізінен  разрядты 
ультракҥлгін  сәулелендіру  әсерінен  жанатын  люминоформен  сәулеленетін 
жарықтың газразрядты кӛзі (8.14-сурет). Разрядтың ӛзі де кӛрінетін жарықты 
сәулелендіреді. Бірақ айтарлықтай аз дәрежеде болады. 
Люминесценттік  шамның  жарық  беруі  бірдей  қуатты  қыздыру 
шамдарына  қарағанда  бірнеше  есе  кӛп  болып  келеді.  Люминесценттік 
шамдар  қызметінің  мерзімі  қыздыру  шамдарының  қызметі  мерзімінен  
электрлік қоректендірудің,  баланстың қажетті сапасының қамтамасыз етілуі 
мен  қосу  және  сӛндіру  мӛлшері  бойынша  шектеулердің  орындалуы 
жағдайларында 10 есе кӛп болуы мҥмкін. 
Люминесценттік  шамдар  қоғамдық  ғимараттарды  (мектептерді, 
ауруханаларды, кеңселерді және т. б.) жарықтандыруда кең қолданыс тапты. 
Люминесценттік 
шамдар 
танымалдылығы 
олардың 
келесі 
артықшылықтарына негізделген: 
 


 
8.14-сурет.  Люминесценттік  шамдардың  алуан  тҥрлері  біршама  кӛп 
жарық  беруі  (20  Вт  люминесцентттік  шам  жарықты  100  Вт  қыздыру  шамы 
секілді  береді).  Ҧзақ  қызмет  ету  мерзімі  (2000-нан  20000  сағатқа  дейін), 
шашыраңқы жарығы, жарық реңктерінің әртҥрлілігіне байланысты болады.   
Люминесценттік  шамдарды  жалпы  жарықтандыру,  ең  алдымен, 
ауданы  ҥлкен  ғимараттарды  жарықтандыру  ҥшін  жағдайларын  жақсартуға 
және энергия тҧтынуды 50 — 83 %-ға тӛмендетуге және шамдардың қызмет 
ету мерзімін арттыруға  мҥмкіндік  беретін жҥйелермен  бірге  қолданған  жӛн. 
Люминесценттік  шамдар  жҧмыс  орындарын  жергілікті  жарықтандыруда, 
жарық  арқылы  кӛрсетілетін  жарнамада,  ҥйдің  алдын  жарықтандыруда 
кеңінен қолданылады.  
 
     Есте сақтаңыз 
Трубканың  тікелей  жарық  сәулесі  ӛте  аз  болады.  Бірақ  сынап 
жҧптарындағы  электр  разряды  люминофор  қабатында  кӛрінетін  жарыққа 
тҥрленетін қарқынды ультракҥлгін сәулесінің (кӛзге кӛрінбейтін) кӛзі болып 
табылады.  
Қыздыру  шамасына  қарағанда  люминесценттік  шам  электр  желісіне 
тікелей  қосыла  алмайды.  Себебі,  доғаның  тҧтануы  ҥшін  люминесценттік 
шамда  жоғары  кернеудегі  импульс  қажет  және  шам  тҧтанғаннан  кейін  ток 
кӛп мәрте артады. Егер оны шектемесе, шам қатардан шығады. 
 Бҧл  мәселелерді  шешу  ҥшін  арнайы  қҧрылғыларды  –  электрондық 
балласттарды қолданады.  
Жарық  кӛздерін  және  электр  энергиясының  басқа  тҧтынушыларын 
қоректендіру ҥшін ҥйлер мен ӛндірістік ғимараттарда арнайы қҧрылғыларды 
орнатады. Олар тҧстамалар мен сызықтардан тҧрады.  
Электр  тҧстамаларының  негізгі,  топтық,  қабаттық  және  пәтерлік 
тҥрлері  болады.  Олардың  тағайындамасына  байланысты  қорғаныс,  басқару, 
ӛлшеу және сигнализация аппаратураларын жӛндейді.  
Электр 
сызықтары 
электр 
тҧстамаларынан 
шығады 
және 
қоректендіргіш, топтық және шығарушы тҥрлері болады.  
Қоректендіргіш  сызықтар  негізгі  тҧстаманы  сыртқы  электр  желісімен 
немесе  топтық  тҧстамалармен,  топтық  сызықтар  топтық  тҧстамаларды 
тікелей электр энергиясын  қабылдағышпен  байланыстырады. Ал шығарушы 
сызықтар  тҥйіспелерге  немесе  сызықтарға  (жарықтандырғыш  қҧрылғылар) 
қосылу ҥшін қызмет етеді. 
Қоректендіргіш  және  топтық  сызықтардың  фазалық  ӛткізгіштерінде 
міндетті 
тҥрде 
сақтандырғыштар 
орнатады. 
Нӛлдік 
ӛткізгіште 
сақтандырғыштарды орнатпайды.  


Тҧрғын  ҥй  және  ӛндірістік  ғимараттарда  электр  қҧрылғыларын 
қоректендірудің кернеуі 380/220 В тарату желісімен жҥзеге асырады.  
    БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 
 
1. Жарық кӛзі деп нені атайды?  
2. Қыздыру шамдарының артықшылықтары мен кемшіліктері неде?  
3. Люминесценттік шамдардың қандай артықшылықтары бар?  
4. Люминесценттік шамдардың қызмет ету мерзімі қандай? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет