■ Кернеу резонансындағы тізбектің толық кедергісі белсенді
кедергіге R тең.
■ Резонанстағы ток пен кернеу арасындағы фазалық ауысу бҧрышы
нӛлге тең. Бҧл ток пен кернеу фазада сәйкес келеді (белсенді кедергісі
бар тізбектегідей).
Тізбектің толық кедергісінің азаюы ондағы ток кҥшінің ӛсуіне
әкеледі. Тізбекке қосылған айнымалы ток генераторының кернеуі
белсенді кедергіде жҧмсалады
U R
=
IR.
Индуктивтіліктегі және сыйымдылықтағы кернеу Ом заңына сәйкес
анықталады. Тізбекті тҥрде қосылған кедергілерде бірдей ток ағуына
және резонанстағы индуктивті кедергісіне X L = X C байланысты,
индуктивтіліктегі және сыйымдылықтағы кернеулер де тең:
U
L
= U
c
= IX
L
= IX
C
= I ɷ L = 1 / ɷ С.
4.10, б суретте кернеу резонансындағы тізбек ҥшін қарастырылған
векторлық
диаграмм
кӛрсетілді.
Векторлық
диаграммада
индуктивтілік пен сыйымдылық кернеуінің теңдігі, фаза бойымен 180
°-қа бір- біріне қатысты жылжуы және ӛзара ӛтелетіні кӛрсетілген.
Егер бір уақытта, резонанс шарттарын бҧзбай, екі реактивті
кедергілерді XL және XC кӛбейтсе, онда UL және UC екі ішінара
кернеулер сәйкесінше артады. Және бҧл кезде тізбектегі ток кҥші
ӛзгермейді. Осылайша, тізбек қысқыштарындағы кернеуден U бірнеше
есе кӛп UL және UC алуға болады. Сондықтан кернеулердің резонансы
электр станциялары ҥшін қауіпті қҧбылыс болып табылады.
Жоғары қуатты электр қондырғыларында кенеттен пайда болатын
кернеулердің резонансы, мысалы, сыйымдылық кедергі ӛзгеруімен
қауіпті асқынуларға алып келуі мҥмкін және тӛтенше жағдай ретінде
қарастырылады. Байланыс және автоматтандыру технологиясында
кернеудің резонанстық қҧбылысы белгілі бір жиілікте қабылдау және
беру қҧрылғысын реттеу ҥшін кеңінен қолданылады.