К іта п та н у негіздері: о ку құралы. А лм аты, «Са нат», 1 9 9 1 7 6 бет



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата27.03.2017
өлшемі5,09 Mb.
#10379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
топтағы кітаптар типімен ұштасса, насихат кітабы пайда
60

болады. Екіншісімен ұласқанда, үгіт сипатындагы кітап 
шығады.
Рубакинді окырман социологи деп тегін атамайды. 
«Этюды о русской читающей публике», «Письма о самооб­
разовании  к читателям»,  «Практика самообразования» 
атты еңбектерінде кітапты ѳздігінен оку жолдарын жан- 
жакты тексерді. Ол б
ес жарым мыңдай окырманға анке­
та  жолдап,  олардан  не  окитындарын,  не  окыгысы 
келетіндерін,  мамандықтарын,  білім  дөрежелерін 
сүрастырды.  Түскен жауаптарды  тексеру нөтижесінде 
кімге қандай кітап оку керектігін аныктайтын психоло- 
гиялық коэффициент дейтінді ойлап табады. Ол өзі көп 
жылдар бойы тұратын Швейцарияның Лозанна каласын­
да бірқдтар еуропалық ғалымдармен тізе коса отырып, 
халықаралық Библиопсихология  институтын  ашады. 
Өздігінен оқушыларга арнап жеке бағдарламалар, ката- 
логтар жасаған.
Рубакиннің көрнекті кітапханатанушы ғалым болганы 
белгілі. Ол кітапхана қызметін үйымдастырудың сындар­
лы жүйесін жасаған адам. Мақсаты —  оқырман үшін білім 
мен гылым есігін ашуды жеңілдету. Оқырман кездейсоқ, 
сырты жылтыр, іші сылдыр кітапқа жолығып қалмасын. 
Оған жаңалығы мол, айтайын деген ойын ғылыми жүйеге 
түсіріп айта алатын кітап керек. Бүған жетудің жолда­
рын қарастыра отырып, «кітап үйтқысы» («книжное ядро») 
деген теория ойлап табады. Өр оқырманға ғылым саты- 
сымен біртіндеп кѳтеріле беретіндей жагдай жасаулы ке­
рек.  Нысанаға жету амалы  —  кітапхана қорын тиімді 
қүрастыруда,  деп  есептейді.  Кітапхана  корын  толық- 
тырганда энциклопедиялық принцип басшылыққа алы­
нуы тиіс.
Рубакин баспагерлік қызметке д
е ^раласқан. 
Ол
 бас- 
пагер-агартушы И. Д. Сытиннің баспасында білек сыба- 
нып еңбек еткен. Өзі де баспа ашқан («Рубакин жэне Алек­
сеев»  баспасы).  Шет ел  баспаларының жұмысына  да 
қатысқан.  Рубакиннің  үйінде  үлкен  бай  кітапханасы 
болған (230 мыңға жуық кітап). Оның 80 мыңын Петер­
бург кітапханасына  сыйлаған.  Қалған кітаптары Ресей 
Мемлекеттік кітапханасында сақтаулы.
Кітаптану ғылымын  жасау  жолында  революцияға 
дейін  істелген іс көлемі  қысқаша  шолғанда  осындай. 
Нөтижесі жаман болган жоқ.
Біріншіден, жалпы ғылым атаулыға ғылыми білімді 
теорияландыру төн. Кітаптануға кіріспе ғылымы жөнінде
61

де осыны айту керек. Ол да ѳз теориясы мен методологи­
ясын жетілдіруге тырысты.
Екіншіден, кітаптану ғылымы ѳзге гылым салалары­
мен жѳне ѳз салаларымен тыгыз байланыста дамуы тиіс 
екендігі анықталды.
Кітаптану жеке отау күруға кірісті. Кітаптану дербес 
гылым саласына айналуына революцияга дейінгі кітап 
туралы  рылым  айрыкша  үлес косты.  Жогарыда  аты 
аталган кітаптанушы галымдар «библиография», «кітап- 
ханатану»,  «библиология»,  «кітаптану» жіктерін айыру 
бағытында көп еңбектенді. Акыры, кітаптану кітап тура­
лы білімнің жиынтыгы деген тоқтамға келді.
Екінші кезең. Кеңес дөуірінде кітаптану ғылымының 
бірқатар методологиялык қателіктерге бой алдыруына 
қарамастан, революцияға дейінгі кітаптану ғылымының 
жетістіктері баянды  етілді.  Кітаптану коғамдарының 
жүмысы жандана түсті. Революцияға дейін кітаптану кур­
сы Мөскеу жөне Петроград университеттерінің оку жос- 
парларына енгізілсе, енді арнайы оку орындары істей бас­
тады.
Кітап  туралы  гылым  методологиялык  жағынан 
жаңгырды. Фактологиялык қор байыды. Жаңа пөндер, 
мысалы, библиополистика пайда болды. Жалпы теория­
лык тұжырымдамалар бірін-бірі ауыстырып,  кітап пен 
кітаптану туралы ғылым теориялык жэне методология­
лык жагынан жетіле, шыңдала түсті. Кітап аныктамасы 
оның ішкі мөн-мөнісіне карай жасалды.
1920 

  1930 жылдардың кітап гылымында тапқан 
олжасы 

 кітапты қоғамдық қүбылыс ретінде тану бол­
ды. Атақты орыс кітаптанушысы, КСРО Ғылым академи- 
ясының мүше-корреспонденті, «Искусство русской книги
X I X  —  X X  вв.» кітабының, орыс графикасы жэне кітап 
ѳнері шеберлері хакында бірқатар монографиялардың ав­
торы, «История оформления русской книги» (1964) кур­
сын бастап оқыған Алексей Алексеевич Сидоров (1 8 9 1
一 
1978):  Кітаптану  библиологияға 
Караганда 
көлемінің 
кеңдігімен ерекшеленеді. Ол кітаптың өлеуметгік өмірін 
зертгейді,—
— деп жазды. (А. А. Г
т
!доров. «Книга и жизнь». 
М., 1972, «Книга», 4 2 -бет).
1930 жылдардьщ 
ортагт інан 
бастап елуінші жылдарга 
дейін кітаптану біраз кібіртіктеп калды. Оньщ ѳз себебі 
бар. Кітаптану ғылымындағы кейбір теориялык ізденістер 
большевиктік сынға үшырады. Сол кездегі ѳдет бойынша 
буржуазиялық-идеалистік  көзкарастарға  карсы  күрес
62

жалпы кітаптану ғылымына кдрсы күреске үласты. Сөйтіп 
жиырма  жыл  бойына  «кітаптану» деген  терминнің өзі 
үмытылды.
Тек елуінші жылдардьщ аягы, алпысыншы жылдар- 
дың басында ғана Сталин культін өшкерелеу нәтижесінде 
кітаптану е
с
 жинай бастады. Кітап пен кітап ici тарихы 
жөне теориясы жөнінде бірқатар гылыми еңбек жарық 
көрді. 1959 жылы «Книга. Иследования и материалы» атты 
гылыми серияның бірінші томы жарияланды. Бүдан соң 
♦400 лет русского книгопечатания» (1964) деген кітаптың 
екі томдыгы, «500 лет после Гутенберга» (1968) секілді 
іргелі еңбектер кітаптану ғылымын жаңа белеске кѳтерді.
Өр ғылым ойдағыдай дамуы үшін мемлекет тарапы­
нан күшті колдау табуы тиіс екендігі түсінікті. Сонымен 
бірге гылыми мекемелердің, зерттеушілердщ өздеріне де 
байланысты мѳселелер жетерлік. Йллыми зерттеу жөне 
гылыми ұйымдастыру жүмыстары үштастырыла  жүр- 
гізілуі тиіс. Бұл шарт алпысыншы, жетпісінші жылдары 
ѳжептѳуір дѳрежеде орындалып отырды. Кітаптану сала­
сын  зерттейтін  гылыми  мекемелер  жүйесі  кеңейді. 
Бүлардан  жемісті істерімен  көзге түскендері:  Бүкіл- 
одақтық кітап  палатасы,  М.  В.  Ломоносов атындағы 
Мѳскеу мемлекеттік университеті журналистика факуль- 
тетінің, Мѳскеу жѳне Украина полиграфиялык институт- 
тарының жѳне мөдениет инсггитуттарының арнайы кафед- 
ралары, КСРО Ғылым Академиясының жаһан мөдениеті 
тарихы жѳніндегі рылыми кеңесінің кітапты кешенді түрде 
зерттейтін комиссиясы, елдің ірі-ірі кітапханалары.
Кітап ici мамандықтары  бойынша кадрлар даярлау 
жолга койылды. Кітаптану кафедраларында арнайы ас- 
пирантуралар  ашылды.  «Кітаптану»  —   05.25.04  —  
м

мандығы бойынша кандидатгық жѳне докторлык дис­
сертация қорғайтын арнайы кеңестер құрылды,
Кітаптану жѳнінде гылыми ѳдебиет коры бүрын бо­
лып кѳрмеген дѳрежеде байыды. Көптеген оқулықтар 
дүниеге келді. Ғылыми-техникалык  акпаратты, инфор- 
мацияны жүргізетін арьшйы мекеме ашылды. Басында 
Бүкілодақтық кітап  палатасы  жанындағы  азғана топ 
(ЦБНТИ), 1980 жылдан бастап «Информпечать» деп атал­
ды. Ол Кеңес Одағындагы жэне шет елдердегі баспа орын- 
дарының тѳжірибесін, жетістіктерін насихаттады.
Екінші кезеңнің елеулі жетістігі —  көп ұлтгы кеңес 
кітаптану гылымының негізгі каланған еді.
Казакстанда ѳркен жая бастаган кітаптану ғылымы-
63

ның алғашқы сілемдерін. өдебиет пен баспасөз тарихына 
арналған еңбектерден табамыз. Сөбит Мұкановтың « X X  
ғасырдагы  казак өдебиеті»  (1932),  Қ.  Жұмалиев  пен 
Е. Ысмайыловтың «Қазақ өдебиеті» оқу қүралы (1941), 
«Қазақ ССР тарихы» (барлық басылуларында), Б. Кенже- 
баевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» (1950, 1956 жөне 
осы аталыммен Т. Қожакеевпен бірігіп жазылган 1962 
жылгы  басылым), X. Бекхожиннің «Қазақ баспасөзінін 
даму  жолдары»  (1964)  атты  зерттеулерінде  қазак 
кітабының жайы біраз талданғаны байкалады. Ал, Б. Кен- 
жебаевтың «Қазак өдебиеті тарихының мәселелері» (1973) 
деген кітабында  ежелгі қазақ өдебиетінің  нүсқдлары 
ретінде түрік нөсілді жұртқд  ортак «Дивани лүғат ат 
түрік», «Қисса-сүл өнбия», «Кодекс Куманикус», «Мүхаб- 
батнама» қолжазба кітаптарына бірінші рет ғылыми шолу 
жасалды.
Кітаптану ғылымының маңызды бір саласы —  кітап 
тарихы. Қазақстанда кітаптану ғылымынан аздап болсын 
қалам таругылғаны осы сала. Бұл ретте тарихшы Әбіш 
Жиреншиннің «Қазақ кітаптары тарихынан» («Қазақстан» 
баспасы, 1971) еңбегін алдымен атауымыз керек. Кеңес 
дөуірінде екі сөздін бірінде «біз қазақ революциядан бүрын 
қараңғыны  қармалаган  надан  едік»  дегенді  сағызша 
созғылаитынбыз.  Жиреншин кітабы  сол  сөзге  елеулі 
күмөн келтірген еңбектің бірі болды.
Жиреншин кітабының ілкі беттерінде жазба (письмен­
ность)  такырыбына  шолу  жасалады.  Содан  кейін 
Қазақстанның Ресейге қосылганнан бергі кезеңде елімізде 
едөуір мөдени серпіліс болғандығын атап өтеді. Мүның 
айгағы 

 қазақ кітаптарының жарыккд шығуы. Автор 
кітабын алдын ала жасалған жүйелі жоспар бойынша 
емес, колына түскен материалга карай жазған. Жылғасын 
тауып аккан судың артынан ерген сушы секілді, кдламын- 
ан бұрылатын соқпагына карай тарта берген бе деген өсер 
қалдырады.  Қазакстан туралы көрнекті орыс ғалымда- 
рының зертгеулеріне шолуды коя салып, қазақ кітабының 
материалдық-техникалық базасы туралы сөз етіп кетеді. 
Революцияга  дейін  казак кітабының сүбелі  бөлегін 
шыгарған Қазан шаһарындағы баспаханалар тарихын ба- 
яндайды. Бұдан соң Қазан университеті мен «Азия» атты 
баспаханаларда  басылып шыққан елу шақты  кітапты 
қысқаша мазмүндайды.
Жер  шолгыш  қазақтар ана  тіліндегі  кітаптарын 
Ресейдің басқа қалаларында д
а бастыртқан. Олардың ге-
64

ографиясы кең —  Петербург, Уфа, Ташкент, Астрахань, 
Орынбор, Троицк, Алматы, Семей, Орал калалары.
Шамсидин Хусаинов деген татар азаматы автордың 
сүйсіне атайтын баспагерлерінің бірі. Казак ауылдарын- 
да ұстаздық кұрып, дала халқына бауыр басып калган 
Шамсидин ѳз кдражатына талай казак кітаптарын бас- 
тыртып шырарган. Қазак авторларымен тұрақты байла­
ныс жасап, жуз он бестен аса аталым кітап шығарган 
ағайынды Көрімовтер еңбегіне ерекше ілтифатпен қарай- 
тын авторга біз де қосыламыз. Жиреншин кітабында сол 
Көрімовтер баспаханасынан жарык көрген алпыстан а
са 
кітаптың тізімі беріледі (аннотациясыз).
Ғалым қазақ кітаптарының авторлары

аудармашы- 
лары хақында біраз материал жинақтаған. Бүдан соң ав­
тор зерттеу багытын кілт өзгертіп, көне заманға көз тігеді, 
ежелгі ескерткіштерді өнгімелеп кетеді, Мұхаммед Хай­
дар Дулатидың «Тарих-и Рашиди», Қадырғали Жалаири- 
дың «Жами ат-тауарих», Өбілғазы Баһадурдың «Шежіре 
түркие» кітаптарына толык сипаттама жасайды. Өрі кдрай 
фольклорға ден қояды. «Қарақыпшақ Қобыланды», Қозы 
Көрпеш 

 Баян сұлу»,  «Ер Тарғын» жырларының  өр 
уакьітга жазылган нұскдларын ауызға алады. Ноғай-кдзақ 
тарихи жырларына, Пушкиннің «Капитан кызы» аудар- 
масына, Тоқаш Бокиннің  «Русско-киргизский  словарь» 
атты еңбегіне токталып өтеді.
Кеңес кезінде гана емес, бүгіндер де ана тілін місе 
түтпай  ернін  шүйіретін  қайсыбір  қазақ  Жиреншин 
кітабындагы мына бір маліметтерге назар аударып көрсін. 
Сол кездің өзінде-ақ Шығыс мөдениетінің нелер шок 
жұлдыздарының шыгармаларын қдзақшалаура, ол тұрсын 
Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты, Гете, Байрондарды 
казак тілінде сөйлетуге ана тіліміздің өресі өбден жеткен. 
Немесе Кейқауыстың «Қабуснаме»  (1882),  Өбугали ибн 
Синаның «Хикая» (1881), туындыларының, «Көлилө мен 
Димна» (1881), «Бабурнаме» (1851), «Рүстем дастан» (1901), 
т.т. жаьсша ішінде көрсетілген жылдарда аударылуының 
өзі неге тұрарлық.
Бұдан соң Жиреншин колжазба мұрасын жинаушы- 
лар хақында бірер сөз етеді де, Шортанбай Қанайұлының 
«Қисса Шортанбай һөм Шортанбайдың бала зары» (1888) 
Дулат жыраудың ♦Өсиетнаме» (1880) кітаптарына өдеби 
талдау жасайды.
«Прогресшіл агымдагы кітаптар» атты тарауда автор 
Сырым Датов, Исатай мен Махамбет, Бекет батыр тура-
3-3356 
65

лы ѳдебиетке шолу жасайды. Шокан Уѳлиханов, Ыбы- 
рай Алтынсарин, Абай Күнанбаев кітаптарын баспага дай­
ындау, жариялау тарихынан өңгіме шертеді. Келесі та­
рау « X X  ғасырдың басында баспа ісінің онан ѳрі дами 
түсуЬ деп аталган. Бұл тұста ол Мақыш Қалтаев, Мөшһүр 
Жүсіп Көпеев,  Тайыр Жомартбаев,  Спандияр Көбеев, 
Мұхамеджан Сералин, Сөбит Дөнентаев, Сұлтанмахмүт 
Торайғыров  шыгармаларының  казак  өдебиеті  тари- 
хындагы рөлі мен маңызына тоқталады.
X X  
расырдың бас кезінде (1917 жылга дейін) жарык 
көрген  кітаптардың  басым  бөлегі  өлеуметтік-саяси 
мөселелерді көтереді.
Отар ел халқының мүшкіл халі, өркениетгі жұрт қата- 
рына қосылу арманы ең көкейкесті тақырыпқа айналды. 
Бодан  ұлттар  санасының  оянуы  Ресей  империясын 
алаңдатпай  қойған  жоқ.  Көшпелілерді  калайда  бас 
көтермейтіндей етіп жанши берудің нешеме сұмдық айла- 
шарғысы қолданылды. Цензорлык бақылау катайтылды. 
Шыьппыл сөз, жөргегінде түншыктырған нөрестедей, жой- 
ылып отырды. Жиреншин талдауына мысқыл жүгіртіп, 
цензорлардың жоғары  жаққа тапсырылған істі калай 
қырағылықпен жүргізіп жатқандығы туралы жарамсақ 
есеп-қисаптарынан мысал келтіреді.
Кітаптың  «Полиграфия  жөне  кітап» деп  аталатын 
соңғы тарауында баспа техникасы мен технологиясының 
жайы сөз етіледі.
Казак кітабы тарихы такырыбына арналып Жирен­
шин еңбегінен соң да екі-үш кітап жарық көрді. Револю­
циядан кейін Қазақстанда  кітап ici күрт өрге басқаны 
мөлім. Баспа, полиграфия жөне кітап саудасы ортан қол- 
дай шаруашылық саласына айналды. Оның мықты мате- 
риалдық-техникалык базасы жасалды. Кітап мөдениеті 
өсті. М. Мамажанов пен М. Коротовскийдін «Книги Ка­
захстана» (1977) жэне М. Коротовский мен Ж. Қалиевтің 
«Книгоиздательское  дело»  (1992)  атты  орыс  тілінде 
жазылган еңбектері, міне, осы жақсылық жаңалықтарды 
жан-жакты көрсетеді.
Былай 
Караганда, 
қазақ кітабы  тарихының сорабы 
салынған төрізді. Дегенмен, өлі істелетін іс үшан-теңіз. 
Кітап тарихын бүгінгі заман талаптары тұрғысынан қайта 
жазуға тура келеді. Оған алғашқы қадам жасалды да. М. 
Мамажановтың «Асыл мүра» атгы кітабы (1993) жаңа 
талап өресінен табылады.  Еңбек «Таңбалы  жазулардан 
бүгінгі кітапқа дейін» жөне «Кітап өлемі» деген екі тарау-
66

дан тұрады.  Еңбегінің  тартымды  оқылуы  үшін автор 
тиімді өдіс тапкан. Окушысын өзімен бірге Алматы Кітап 
мүражайын аралатып,  кітап  өлеміне  серуен жасатады.
Бүл өдіс мынадай-мынадай кітап жазылган деп жіпке 
тізгендей ететін бір сарын баяндауға үрынбай, өңгімені 
қызғылыкты етіп қүруга көмектеседі. Айталык, Орхон —
—  
Енисей  ескерткіштеріне  байланысты  өдебиетке  шолу 
жасағанда автор бүған қатысты зерттеулердің өзін хикая 
етіп шертеді. Шолу жасалып отырган кітап авторлары 
туралы кең маглүмат беру мұражай экспонаттарымен та- 
ныссам ба деген ынтаңды  күшейте түседі.  Әл-Фараби, 
Жүсіп Баласағүни, Махмұд Қашкари, Қожа Ахмет Иас­
сауи, Қыдыргали Жалаири, т. б. ғүламалар еңбектеріне 
тоқталумен бірге, автор олардың бастан кешкен өмірін 
көзге елестетуге тырысады.
Алматы Кітап мұражайында едөуір қолжазба қоры 
жинақталған. «Шіркін, уақыт тауып колға үстап көрер 
ме еді»  дегізетін қолжазбалардың арасында,  мысалы, 
Шыгыс жүлдыздарының бірі Әлішер Науаи «Дивандары- 
ның»  (шығармаларының)  X I X   ғасырдың  ба
с
  шенінде 
көшіріліп, өте жақсы сақталған колжазба кітабы, тағы да 
сол секілді мүражайға ерекше шырай беріп түрған асыл 
мүра аз емес.
Қазіргі  кезде түркі  халықтарының арғы  тарихын 
білуге деген құлшыныс айрықша. Осыны ескерген автор, 
бүл тақырыпқа өдейілеп тоқтайды. Мысалы, X X  гасыр- 
дың бас кезінде Қазан шаһарында жарық көрген «Түркі 
тарихы» атты кітапқа өстіп толык сипаттама берген. Сол 
сияқты ислам дінін ұстанушылар үшін Қүраннан кейінгі 
қасиетгі кітап саналатын Сунна Күран аят, сүрелеріне 
түсініктеме жасалган. «Бүл кітап, —  деп жазады автор.—  
Төуелсіз Мемлекетгер Достастығындағы көптеген мемле- 
кеттерде қазір ашыла бастаган медіреселер үшін өте-мөте 
бағалы күрал. Жасөспірім үрпактарды төрбиелеу ісінде 
атқаратын рөлі ерекше зор. Сондықтан оны шүғыл түрде 
қазақшаға  аударып  шыгарудың  маңызы  айтпаса  да 
түсінікті» (38-бет).
Казак тарихын білемін,  зерттеймін деген кісі орыс 
галымдарының еңбектерімен санаспай отыра алмайды. Біз 
қазақ Ресеймен бір шаңырақ астында үш ғасырға жуық 
ыстык-суықты өмір кешістік. Ресей, одан соң Кеңес Одағы 
аталган мемлекеттерде жасалган байлықта казақтың да 
азды-көпті  үлесі бар  деп  білуіміз  керек.  Сол  кезде 
жасалган ортак мүрадан өсіресе Казақстан туралы өдеби-
67

етпен айрыкша ынта  койып  танысуымыз кажет.  Осы 
кджеттілікті түсінген автор бұған дейін белгілі А. И. Лев- 
шин,  Н.  Я.  Бичурин,  П.  П.  Семенов-Тянь-Шанский 
зерттеулерімен катар, Жетісу, Семей, Торгай, Орал жэне 
Орынбор облыстык статистикалык комитеттері жинак- 
тарын окушы назарына орынды үсынады.
Кітаптың сүбелі бөлегі казақтың өз ұлтгык кітабының 
туып, бұғанасы бекіп, халыктың рухани өжетіне жарап, 
көркейген кезеңіне арналуы түсінікті жөйт. Өркениетті 
елдердің кітап басып шыгару өнегесін игеру барысында, 
өсіресе  1 9 1 7   жылғы  төңкерістен  былайғы  жерде, 
Қазақстан үздік табыстарга (жасырмайық) жеткені мөлім. 
Олай десек, біз революциядан бүрынғы жетістіктерімізді 
неге қорашсынуымыз керек? Бүрынгыдай бүгежектемей, 
мүны да ашык айтуға тиістіміз. Баскасын есептемегенде, 
данышпан Абайдың 1909 жылы жарық көрген өлеңдер 
жинағының өзі неге түрады.
Эр зерттеу жаңалығымен қүнды.  Мүндай жаңалық 
М.  Мамажанов  кітабында  жиі  үшырасады.  Мөселен, 
қазақтың  түңғыш  романы  —   Міржақып  Дулатовтың 
«Бақытсыз Жамал» романы (1910) екендігіне казіргі өдеби 
қауым өбден кднық. Ал, Орынбор 
да 1911 жылы «Бақыт» 
деген б
аспа болғанын, онда М. Нұрбаевтың «Кѳргенді бала» 
романы жарияланғанын біле бермейді. Революцияга дейін 
отызға тарта қазақша-орысша сөздік шыққандыгы, қазақ 
баспагерлерінің  алғашкы  шогыры  Ш.  Шеленов,  К. 
Муратов, Т. Козыбаев, Р. Төлешовтар өсіп жетілгендігі 
туралы, т. б.  қызғылықты  мағлүматтар кімді де елең 
еткізбей қоймайды.
Тың  деректерге  негізделген  тарауларға  «Ахмет 
Байтүрсынов —  ұлтымыздың бас баспагері», «Міржақып 
Дулатов 

 тұңғыш қазақ библиографы» тараулары жа­
тады.  Сөйтіп автор баспа тарихына жаңа беттер қосып 
отыр.
М. Мамажановтың есебі бойынша, тек Казан револю- 
циясынан  бергі  уақыт  ішінде  Казакстанда  шыққан 
кітаптың ұзын саны, яки таралымы триллионнан асып 
жығылады екен. Осы кдзынанын бөрін бір кітап кѳлемінде 
таразылау мүмкін  емес.  Бұл  талай-талай  ізденістерді 
қажет  етеді*  М.  Мамажановтың  жана  кітабы  сол 
ізденістерге, болашақ зерттеулерге дұрыс сорап салган 
зерделі еңбек.
Казак  кітабы  тарихын  жазуда  өжептөуір  ілгері- 
легеыдік бар. Сонымен бірге бұл ғылымның қазіргі жайы
68

өлі талапқд толык сай емес екендігін, теориялык жөне 
методологиялык жагынан шыңдала түсуі кажет екендігін 
ескерту артықтык етпейді.
Кітап —  қоғамның рухани мөдениетінің айнасы. Ой- 
сезім  қуатының  өлшемі.  Өр  елдің  жүрт  қатарлы 
ілгерілеуінің  мыкты  шарты.  Кітап  тарихын  жазу 
жауапкершілігін мойнына алған адам  осы  жайларды 
үнемі е
с
т
е
 үстауы тиіс. Кітап тарихының өзге тарихқа 
ұқсамайтын түстары бар. Осы ерекшеліктеріне мүқият 
болу керек. Кітап дүниеде нешеме гылым болса, соның 
бөріне катысты. Солай екен деп, ол барлык ғылымдар- 
дың тарихы бола алмайды. Ол, айталык, химия тарихын 
немесе ѳзіне етене жақын полиграфия тарихын баяндап 
беруге  міндетті  емес.  Белгілі  бір  білім  саласындагы 
жаңалыктардың қордалануын ғылым тарихы зерттейді. 
Ал кітап тарихшысы сол жаңалықтардың қоғам дамуы­
на  және  кітап  ісін алға  бастыруға  өсерін  талдайды, 
жүртшылық пікірін корыта ды.
Нақтылы кітап 

 ел мөдениетінің көрсеткіші. Кітап 
тарихшысы технологияның ұңгыл-шүңғылына бармай-ақ, 
кітап  беттерінің  басылу  сапасының  жогарылыгына, 
суреттерінің  айшықты  шығуына,  бояуының  қанық- 
тылыгына,  қағазының  оңдылыгына,  шрифтілерінің 
жарасымдылығына  қарап  отырып,  мұны  жалпы  ел 
мөдениетінің өскендік белгісі деп бағалайды. Керісінше, 
полиграфия шалағайлықтары, кітап өңінін ұсқынсыздығы 
сол ел экономикасы мен мөдениетінің жадаулығынан ха­
бар берсе керек.
Кітапты  туғызатын  заман,  өмір  талаптары.  Осы 
тұрғыдан кітап тақырыптары зерттеледі. Кітап тарихын 
жазу мұнымен аяқталмайды. Кітаптың таралымы, геог- 
рафиясының  кеңдігі,  бағасы,  —   осының бөрінен  оны 
жарыққа  шыгарган  мемлекеттің  хал-ахуалы  айнага 
түскендей көрініп тұрады. Тарихшы ғалым кітаптың жа- 
риялану кезіндегі саяси-өлеуметтік жагдайларды да на- 
зардан тыс қалдырмауы керек. Баспасөз бостандығының 
дөрежесі, цензура мөселесі —
— кітап тарихын жазудың бас­
ты шарттарының бірі.
Қысқасы, кітап тарихының өзі де кешенді гылым. Ол 
кітаптану  гылымының маңызды  тармагы,  теориялык 
жөне методологиялык ізденістерінің тірегі.
69

Кітаптанудың тарихы, теориясы  мен өдісі мѳселе- 
лерінің  жан-жакты,  жүйелі  зерттелуіне бүкіл  одақ 
көлемінде үйымдастырылған дискуссиялар, гылыми ай- 
тыстар мен конференциялар мүрындық болды. 1959,1964 
жылдары  өткізілген осындай шаралардың барысында 
кітаптанудың филология саласындагы ір
г
е
ле
с ғылымдар 
жүйесіндегі орны,  кітап  туралы  гылымның  зерттеу 
объектісі, құрамы, пөни ерекшеліктері кең талқыланды. 
Осы ғылымды дамудын жаңа белестеріне шығаруда 1971 
жылдан 1984 жылга дейін, араларына үш жылдан салып 
өткізіліп  түрған  Бүкілодақтық конференциялардың 
маңызы айрықша.
Кітаптану объектісі —  кітап. Алайда жоғарыда аталған 
айтыс, конференцияларда бүл мөселе көбінесе назардан 
кдғыс қалатын. Оның түрлі себептері бар. Біріншісі —  
ғылым методологиялык жагынан ақсады. Ол к
е
з
д
е
 кан­
дай д
а  ғылыми методология таптык принцип дейтінсіз 
қүрылмайтын.  Таптык принцип  кандай да коғамдық 
қүбылыстың сырын, мән-мағынасын ашатын кілт сана­
латын.  Маркстік-лениндік ілім  бойынша кітап —— тап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет