К. Ж изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады: 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ



бет1/54
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#123673
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
қызықты грам қмж


Түсініктеме
«Көркем жазу» курсы бойынша 2 сыныптарға арналған.Көркем жазу оқулығы авторлар Бұзаубақова К.Ж Изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады:
2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ 2 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – теориялық тұрғыдан түсіндірілсе, 2 – бөлімде оқушыларға тапсырмаларды әдемі, көркем етіп жазуға ұсынылады. Сабақтың 1-бөлімі оқушының қызығушылығын ояту, сыныпта жағымды атмосфераны орнату, психогимнастикалық серпіліс жасау жаттығуларынан басталады. Тақырып бойынша әріп элементін жазу ережесімен таныстырылады, әріптің көлемі біркелкі болуы, кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм өлшемдерді сақтап жазу қажеттігі ескертіледі. Оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, сергіту жаттығулары орындалады.
Сабақтың 2-бөлімі жазу дәптерімен жұмыс жасауға арналған 5 тапсырмадан тұрады, оның:
Бірінші тапсырмасы – көшіріп жазу әдісі бойынша дайын әріп элементтерін таза, әдемі етіп жазуға негізделген. Бұл тапсырманы оқушы мұғалімнің көмегімен орындайды.
Екінші тапсырма – оқушылардың сөздер арасындағы ара қашықтықты сақтап, байланыстыра жазуға, сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын қозғап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген. Тапсырманы орындауда оқушы сызықтық әдіс, теріп жазу әдісі, сөйлемді аяқтау әдісін қолданады, түрлі сөзжұмбақтар мен суретті жұмбақтардың шешімін тауып жазады.
Үшінші тапсырманы орындау – оқушының өздігінше жұмыс жасауын, берілген мәтінді таза, әдемі етіп көшіріп жазу, мәтінді өзіндік пікірмен аяқтап жазуды талап етеді. Тапсырма ізденіс арқылы оқушының пікірін жинақтауына бейімделген.
Төртінші тапсырма – түрлі әдістерге негізделген, мысалы: өлеңді жатқа жазу, тест тапсырмаларын шешу, дұрыс жауаптарын бояу, «Топтастыру» ойыны, мақал-мәтелдердің ауыспалы мағынасын ашып жазу, «Лездемеге жауап жаз» ойыны, «Сөз ішінде сөз» ойыны, «Адасқан буындар» ойыны, жүргізіп жазу техникасын қолдану және т.б. Мұғалім осындай әдістерді қолдану арқылы оқушыларда ой қозғап, білімдерін бекітеді. Сабақтың қорытынды бөлімінде мұғалім семантикалық карта арқылы оқушылармен жазба түрде рефлексиялық байланыс жасайды.
Бесінші тапсырма – үйде орындауға негізделген, мұнда тақырып бойынша берілген әріптерге сөз, сөйлем құрастырып жазу, өлең жолдарын көшіріп, тиісті әріптерді теріп жазу секілді жаттығуларды орындайды.
Курстың соңында оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, ритмикалық әдіс, теріп жазу әдісі, топтастыру әдісі, Карстер әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет