К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет19/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Байланысты:
УМКД

Әлеуметтік бағыт. Кең мағынасында ол мемлекеттің қоғамның тұтастай алғанда өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне (әлеуметтік педагогика) ықпалымен анықталады; тар мағынасында – адамның жеке басының қалыптасу үрдісіне оның өмір сүру ортасының ықпалымен анықталады (орта педагогикасы).
Әлеуметтік педагогика мемлекет пен қоғамның өз азаматтарын тәрбиелеуде қалыптасқан заңнамаларының негізінен, тәрбие институттарын құруынан, оқыту және кәсіби даярлау, олардың қолданылуын қамтамасыз етуінен көрінетін қызметін зерттейді. Ол ресми әлеуметтік педагогикалық сипатта болады.
Бұдан өзге, қоғамда өскелең ұрпақты тәрбиелеумен байланысты қабылданған нормалар мен ережелермен қоса, әдет-ғұрыптар түрінде «жазылмаған заңдар» жиынтығы қалыптасады. Олар өзінің мәні мен маңызына қарай, әлеуметтік-педагогикалық, бірақ ресми емес сипатта болады.
Орта педагогикасы. Адамның қалыптасуына оның өмір сүретін ортасы маңызды түрде ықпал етеді. Бұл ретте, ортаның әрбір факторының өзіндік тәрбиелік мүмкіндіктері бар. Мұндай факторларға: баланың туған және тәрбиеленген отбасы (асырап алған отбасы, мемлекеттік мекеме); бұқаралық ақпарат құралдары; баланың ойыншықтары мен ойындары; оның оқыған кітаптары; араласатын достары; құрмет тұтатын тұлғалары; адамның өз өмірінің әрбір кезеңінде бірге болатын ұжымдарының әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктері; көше және т.б. көптеген жайттар жатады.
Орта педагогикасы адамның түрлі жастағы дамуы мен тәрбиесіне тікелей және жанама ықпал ететін ортаның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыт П.Наторп, П.Бергеманн, И.Г.Песталоцци, Дж.Дьюн, Г.Кершенштейнер, Р.Зейдель, Станислав Теофилович Щацкий (1878-1934), Антон Семенович Макаренко (1888-1939), Борис Тимофеевич Лихачев (1929-1999), В.Д.Семенов және басқа зерттеуші педагогтардың еңбектері арқылы даму алды. Әлеуметтік бағыт адамның әлеуметтік бағыттарының басымдығын, оның нақтылы қоғамда өмірге даярлануы қажеттігін негіздейді және бұған мыналарды ұсынады:
- жеке адамның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы;
- жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтік ауытқушылықтар педагогикасы;
- әлеуметтік тәрбие.
Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы. Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде белгілі бір әлеуметтік ортаның, қоғамның, индивидтің талап-тілектерінің есебімен табиғаттың заңына сәйкес дамиды. (Карл Магер (1811-1855, Mager), Х.Мискес, М.А.Галагузова, А.В.Мудрик, Б.Т.Лихачев және т.б.) Ол, біріншіден, өзінің жеке қасиеттеріне сәйкес, нақ өзіне ғана тән ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай әлеуметтік түрде дамиды (ішкі жеке тұлғасына байланысты);
- екіншіден, өзі өмір сүретін және өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытатын әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамиды (ортаға байланысты); үшіншіден, ол нақтылы қоғамның оның әлеуметтік-мәдени өмірлік салтының талаптарына сәйкес бағдар ұстайды (сыртқы әлеуметтік байланыстылық).
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік ауытқулар педагогикасы. Адам мен белгілі бір топтың дамуы және тәрбиесіндегі әлеуметтік ауытқушылықтардың себептерін, оның алдын алу мен жеңудің мүмкіндіктерін зерттейтін бөлімшесі (И.Г.Песталоцци, К.Молленхауер, Фридрих Адольф Дистервег (1790-1866), А.С.Макаренко, Виктор Николаевич Сорока-Россинский (1888-1960) және т.б.). Қалыптасушы жеке тұлғаның әлеуметтік ауытқуына өсу үстіндегі адамның бұдан бұрынғы өмір сүру ортасы, әлеуметтік қалыптасу кезеңіндегі жеке даралық бейімділік факторы елеулі түрде ықпал етеді.
Әлеуметтік педагогикада әлеуметтік тәрбиеге маңызды мән беріледі, қиыншылықтарды жеңуге әлеуметтік-педагогикалық қолдау адамның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына, өзін-өзі танытуы, өзін-өзі жетілдіруі жолындағы қиыншылықтарды жеңуіне көрсетіледі. Адамның тәрбиешіге (ата-анасына, олардың орнын басушыларға, мұғалімге), оның динамикасын бағдарлауға осы үдерістің өту жағдайларына және олар арқылы үдерістің өзіне бағытталған түрде ықпал ету мүмкіндігін іздестіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік педагогиканың қолданбалы бөлігінің – адамды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу, оған әлеуметтік қолдау жасаудың негізгі міндеті осы болып табылады.
Әлеуметтік педагогикада жасына қарай түрліше болатын өзінің әлеуметтік қалыптасуына адамның өзіндік ықпалының рөлі зор. Бастапқы кезеңінде ол көбінесе адамның белсенділікке, білімқұмарлыққа бейімділігіне байланысты. Адамның өмір сүру салтының, дүниеге көзқарасының және адамгершілік, ерік-жігер қасиеттері қалыптасуының нәтижесі ретінде, оның өмірлік ұстанымы, адамгершілік бағдары, саналы таңдауы жасы ұлғайған сайын неғұрлым өсе түседі. Олар елеулі дәрежеде адамның есею сатыларындағы өзгерістерімен, бұдан былайғы өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруімен анықталады. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы көбінесе нақ осы өзін-өзі әлеуметтік жетілдіру үдерісіне байланысты.
Сонымен қатар, адамның өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруі – бұл күрделі заңды үдеріс екенін ескеру қажет. Белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам соған сәйкес дамиды. Бұл үдерістің бағыты мен қарқыны өзгеріп отырады.
Осы айтылғандарға сәйкес, әлеуметтік педагогиканы мынадай ұстанымдар тұрғысында қарастыру қажет:
- адамның өмір сүру ортасының тікелей ықпалы мен мемлекеттің
функциясын іске асырудың құралы ретіндегі орта педагогикасы;
- әлеуметтік тәрбиенің ықпалы ретінде адамның жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасу педагогикасы; адамның өзінің әлеуметтік факторы; өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруде адамның жеке ұстанымы мен белсенділігі;
- адамның өзін-өзі танытуына қолдау, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
Әлеуметтік педагогиканың құрылымы 2.1- суретте көрсетілген.


Орта педагогикасы ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогика – бұл идеяны қалыптастыру және тәрбиені қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және қоғамдық институттар, мемлекеттің ғылыми және практикалық қызметі. Ол мемлекеттің заңнамалық шығармашылығы, мемлекеттік институттардың, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстар мен партиялардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, бұқараға ықпал етуде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтеріне әлеуметтік-педагогикалық баға беруге бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет