К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет24/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
УМКД

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Әлеуметтік педагогика деген не?
2. Әлеуметтік педагогика дамуының негізгі бағыттарын атаңыз және мәнін ашып көрсетіңіз,
3. Орта педагогикасына сипаттама беріңіз.
4. Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы деген не?
5. Әлеуметтік ауытқушылықтар педагогикасына сипаттама беріңіз.
6. Әлеуметтік қалыптасудағы адамның өз орны мен рөлі қандай?
7. Әлеуметтік педагогикаға теория ретінде сипаттама беріңіз.
8. Әлеуметтік педагогикаға практика ретінде сипаттама беріңіз.
9. Әлеуметтік педагогиканың негізгі функциялары қандай?
10. Әлеуметтік педагогиканың негізгі міндеттері қандай?
3-тарау


Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері

Әлеуметтік педагогиканың әдістемесі оның негізін, базалық сипатын анықтайды. Әдістеме негізінде әлеуметтік педагогиканың тұтастай және оның құрылымдық құрамдас бөліктерінің ғылыми бағытының мәні анықталады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының өзекті проблемаларын зерттейді.


Әлеуметтік педагогиканың әдістемесін түсіну үшін мына мәселелерді қарастыру қажет:
- әдістеме және әлеуметтік педагогиканың әдістемесі ұғымдары;
- әлеуметтік педагогика әдістемесінің негіздері;
- субъект ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасын бағалау және таным әдістемесінің негіздері.


3.1. Әдіснама және әлеуметтік педагогика әдіснамасы ұғымдары

Әдістеменің мәні туралы түрлі көзқарастар бар. Кейбір зерттеушілер әдістемені: теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы; басқалары, - таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері және шындықты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы; үшіншісі – күрделі практикалық мәселелерді шешудің неғұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы туралы; төртіншісі – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың қағидалары мен тәсілдері жүйесі туралы, сондай-ақ, осы жүйе туралы; бесіншісі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, функциясы мен әдістері туралы ілім деп санайды.


«Әдістеме» терминінің мағынасы:
- танымның ғылыми әдісі туралы ілім;
- қандай ғылым болса да қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;
- танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы болып түсініледі.
Тізбеде көрсетілгендей, әдістеме жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. Алайда, зерттеушілер, ең бастысы, әдістеме – нақтылы шындықты тану мен қайта құрудың базалық негізі деп біледі.
Педагогиканың белгілі әдіскері Володар Викторович Краевскийдің (1926-2010) тәсілдемесіне сүйенсек, «Әлеуметтік педагогика әдістемесі» ұғымына мынадай анықтама беруге болады. Бұл - әлеуметтік педагогикалық болмысты бейнелейтін әлеуметтік педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу және ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің1 сапасын бағалау, логика мен әдістер, бағдарламаларды негіздеу қызметінің жүйесі.
Әлеуметтік педагогика әдістемесінің ішкі мәні мынадай аса маңызды құрамдас бөліктерден тұрады:
- әлеуметтік-педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымдары, оларды танудың қағидалары мен тәсілдері туралы білімдер жүйесі;
- осындай білімдерді алу және ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің сапасын бағалау, логика мен әдістер, бағдарламаларды негіздеу қызметінің жүйесі.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік білімінің негізгі белгілері мыналар болып табылады:
- нәтижесі теориялық-әдістемелік білімді құрайтын таным және қайта құру үдерістері арасындағы ерекше қайшылықты шешуге қатыстылығы. Әлеуметтік-педагогикалық практика нақтылы проблемаларды танып-білу пәні мен әдіс арасындағы қайшылықтарды анықтайды. Аталмыш белгі әлеуметтік педагогиканың «әдістемелік негіздерінің теориясын» қалыптастыру қажеттігіне негізделеді;
- екі үдерістің – танымдық және қайта құру, теориялық және практикалық қызметтің бірлігі және таным мен практиканың өзара байланыстылығы.
____________________________________________________________________________________________________________________
1 В.В.Краевский, Е.В.Бережнова. Методология педагогики новый этап:учеб.пособие для вузов. М.: «Академия» баспа орт., 2006. 18-б.

Әлеуметтік педагогика ғылыми-зерттеу (танымдық) және ғылыми-қайта құру (практикалық) қызметінің өзіндік теориясына ие. Бұл белгі әлеуметтік педагогиканы ғылыми пән (танымдық құрауыш), практикалық қызмет саласы (қайта құрушы құрауыш) және білім беру кешені (білімдік құрауыш) ретінде қарауға мүмкіндік береді.


Әдістемелік білім - жалпы, ерекше және жекелеген әдістемелердің бірлігі әдіснамалық қағидасынан туындайтын жалпы (философиялық жалпығылыми әдістеме); ерекше (педагогика әдістемесі) және жекелеген (әлеуметтік педагогика әдістемесі) әдістемелік білім болып сипатталады.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік негіздері әлеуметтік педагогика пайдаланатын басқа ғылымдардың білімдерін – жалпы және әлеуметтік психология, антропология, әлеуметтік құқық, әлеуметтік басқару, әлеуметтік ақпарат, әлеуметтік жұмыстар, валеология, экология және медицинаны қамтиды. Олардың және басқа ғылымдардың ережелері әлеуметтік педагогиканың әдістемелік құрылымына тікелей енеді және көбінесе әлеуметтік педагогиканың негіздерін анықтайды.
Әлеуметтік педагогика негіздерінің мағынасы:
- кең мағынасында - объектілік-пәндік саланың ерекшелігіне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық практиканың танып-білу және қайта құру әдістемесін, әдіснамалық бағдары мен негізгі бағыттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын анықтайтын қоғам мен адам туралы ғылымның негізгі ережелері;
- тар мағынасында - әлеуметтік педагогиканың оның танымдық және қайта құру қызметін (оның бөлімдерінде, пәндерінде, бағыттарында, ағымдарында т.б. шоғырланған теорияларды анықтайтын бастапқы ережелерін) анықтайтын және әлеуметтік педагогиканың нақтылы әлеуметтік-мәдени орталарда және т.б. әрбір нақтылы объектіге (үдеріске немесе құбылысқа) қолданылатын зерттеулерінің теориялық негіздерінің функцияларын орындайтын әлеуметтік педагогиканың іргелі ережелері.
Әлеуметтік педагогика әдістемесінің ішкі құрылымы оның мазмұнын көрсетеді және мыналарды қамтиды:
- ғылыми-зерттеу қызметі теориясы («ішінде сыртында» танымдық әдісі). Әлеуметтік-педагогикалық практиканың таным туралы білімі (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әлеуметтік педагогтың ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми танымдық үдерістің қағидалары мен мазмұнын, ұйымдастырылуын, логикалық құрылымын және үдерістерін зерттеу мен қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми зерттеуге сипаттама: проблема, тақырып, өзектілік, зерттеу объектісі, оның нысанасы, мақсаты, міндеті, жорамал, яғни ғылым және практика үшін маңызды әдістемелік тізбе түрінде баяндалуы мүмкін;
- пәндік ғылымтану теориясы («өзіне» танымдық әдісі).
«Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану» деп аталатын әлеуметтік педагогика әдістемесінің зерттеумен айналысатын бөлігі - әлеуметтік-педагогикалық ғылым туралы білім. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану ғылыми қызмет үдерістерінің тиімділігін көтеру мақсатындағы тұтас жүйе ретінде ғылымның қолданылу тәжірибесін кешенді түрде зерттеу және теориялық қорыту болып табылады.1 Ол ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымына, оның дамуы мен негізгі функцияларын дамытуға және іске асыруға тереңдетілген талдау жасау үшін қажет:

______________________________________________________


1 В.И.Загвязинский. Методология и методика социально-педагогического исследования: книга для социальных педагогов и социальных работников. М., 1995. 282- б.

- әлеуметтік педагогикалық қызметтің ғылыми-қайта құру теориясы (әлеуметтік-педагогикалық қызмет әдістері). Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім, оған ғылыми білімдерді ендіру, практикалық қызметтегі инноватиканы, озық тәжірибені пайдалану жолымен өзінше ұйғарылған теория.


Әлеуметтік педагогика әдістемесінің негізін мынадай құрауыштар құрайды:
- әлеуметтік педагогиканың өзінің әдіснамасы - ғылымтану ұстанымы тұрғысында әлеуметтік педагогиканың мәнін тану деңгейі: гносеологиялық (әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды тану); логикалық-гносеологиялық (таным логикасын танып-білу және технологиялық әлеуметтік педагогикалық шындықты қалай танып-білу);
- әлеуметтік педагогиканы танып-білу және қайта құру әдіснамасы – субъекті (әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтаушы мемлекеттің және әлеуметтік-педагогикалық қызметті және оны бағалауды атқаратын маманның) ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасын танып-білу және бағалау деңгейлері: аксиологиялық (әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды бағалау), дүниетанымдық (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білуге, қайта құруға және бағалауға қажетті) және әдістемелік (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу, қайта құру және бағалау технологияларын іске асыру тәсілдері) (3.1-сурет).



Ғылымтану ұстанымы тұрғысында әлеуметтік педагогиканың мәнін танып-білу деңгейі

Әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу және сапасын бағалау деңгейі



Гносеологиялық



Аксиологиялық





Логико-гносеологиялық



Дүниетанымдық



Технологиялық



Әдістемелік






3.1 -сурет. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет