байланысты іс жүзіне асады. Зəр бөлу мүшелері өздерінің филогенезінде
324
тəрізді кеңейіп басталатың өзекшелер де болады. Оларды целомодуктер
(қуысты өзекшелері)— деп атайды. Целомодуктер арқылы жыныс өнімдері
дене куысы
целомадан (coeloma) сыртқа шығарылады. Целомодуктер де,
нефридийлер сиякты мезодермадан калыптасып, көп жағдайда нефридийлер
өзекшелерімен бірігіп, екі жүйеге ортақ мүше
нефромикцияны түзеді.
Екінші дене қуысты құрттарда целомодуктер тек жыныс өнімдерін
шығару қызметін атқарады. Ал басқа екінші дене куыстары жоқ
буынаяқтылар мен былқылдақ денелілерде (моллюскаларда) аталған
өзекшелер несеп шығару қызметін де атқарады.
Насекомдарда организмнен несепті бөлу қызметі зəр бөлу (мальпиги)
өзекшелерінің үлесіне тиеді. Мальпиги өзекшелері ас қорыту жүйесі
куысына, ортаңғы жəне артқы ішектер шекарасына ашылады.
Төменгі сатыңағы хордалыларда, мысалы, қандауыршада (ланцетникте)
несеп шығару қызметін мезодермадан дамыған нефридийлер тəріздес
түтіктер атқарады. Бұлардың саны — жұз шақты жұп өзекшелер. Олар
дененің желбезек аумағында, дене сегменттеріне сəйкес жұп-жұбымен
орналасады. Нефридийлердің ішкі ұштары бірнеше тесікпен дене қуысы
целомадан басталып, ал екінші ұштары сыртка желбезек маңындағы куыска
ашылады. Целомадағы нефридийлер ұштарының тесіктері басталар тұсында,
қан капиллярларының жиі торы капиллярлар шумағы түзіледі. Осы шумақ
капиллярларының қабырғалары арқылы қаннан сүзіліп бөлінген зəр
нефридийлердің көмегімен сыртқа шығарылады. Айта кету керек,
ланцетниктер нефридийлерінің жыныс мүшелерімен ешқандай да байланысы
болмайды. Жануарлар денесінің күрделенуіне сəйкес, нефридийлердің
сыртқы ұштары бірігіп, олардың барлығына ортақ бір өзек
қарапайым
Достарыңызбен бөлісу: