К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет591/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

иірілімді (Корти) мүше: д - ішкі бағанды жасуша, е - сыртқы бағанда жасуша, ж — өзек
(тунель), з — ішкі сезгіш түкті эпителиоцит, и - сыртқы сезгіш эпителиоцит, к - сыртқы 
саусақша эпителиоциттер, л - сыртқы шекаралық эпителиоциттер, м - сыртқы тіректік
эпителиоциттер, н — іркілдек жабынды жарғақ. 
Ал оның ішкі эндолимфа жағындағы бетінде рецепторлы аппарат — 

иірілімді (Корти) мүше орналасады. Оның негіздік жарғағының ішкі бетін
түкті сезгіш жəне тіректік эпителиоциттер құрайды. Жабынды жарғақ 

499
эндолимфаның ішінде орналасады. Ауадағы дыбыс толқынының əсерінен 


сыртқы дабыл жарғағы тербеліп, есту сүйекшелерін қозғалысқа келтіреді.


Осының əсерінен сопақ терезедегі тақташа жарғақта тербеліп, ішкі құлақ 
кіреберісіндегі
перилимфаға 
толқын
түрінде

беріледі.


Перилимфа 
толқындары сүйектік ұлудың кіреберістік баспалдағына, одан əрі ұлу
төбесіндегі тесік арқылы дабылдық баспалдақтағы перилимфаға өтеді. 
Кіреберістік баспалдақтағы перилимфа тербелісіне сəйкес кіреберістік
жарғақта тербеліп, ішіндегі эндолимфаны тербеліске келтіреді. Нəтижесінде 
эндолимфа ішіндегі жабынды жарғақта тербеліске келеді. Өз кезегінде
дабылдық баспалдақтағы перилимфа сұйығы толқынына сəйкес негіздік 
жарғақ та тербеледі. Нəтижесінде оның ішкі бетіндегі сезгіш эпителиоциттер
микробүрлері жабынды жарғақпен жанасып, тітіркеніс пайда болады да, оны 
сезгіш түкті эпителиоциттер, денелері иірілімді ганглийде орналасқан
сезімтал нейроциттер дендриттеріне өткізеді. Түзілген жүйке толқындары 
сезімтал нейроциттердің аксондарымен ми жүйкелерінің сегізінші жұбы —
есту-тепетеңдік 

жүйкесі
арқылы

мидағы
есту

талдағышының
орталықтарына жеткізіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет