К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Митоздың нобайы (Манзия бойынша)



бет53/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

19 - сурет. Митоздың нобайы (Манзия бойынша) 
а, б - интерфаза; в, г - профаза; д - метафаза; е - анафаза; ж, 
з — телофаза.
Интерфазаның үшінші тузіліссоңы сатысында жасушаның бөліну 

процесін қамтамасыз етеұлпа ақпараттық жəне рибосомалық РНҚ мен


белоктар, ахроматин ұршығы жіпшелерін түзуге керек тубулин белогі 
синтезделіп центросома центриольдері де екі еселенеді. Жасуша митоз
арқылы бөлінуге дайындалады. 


Митоз (грек, mitos — жіп) — анық көрінеұлпа жіп тəрізді
хромосомаларда түрлі өзгерістер жүреұлпа дене (сомалық) жасушаларының 
күрделі бөліну турі. Митоз кезінде жасуша ядросындағы күрделі
морфологиялық өзгерістердің болуына сəйкес, бұл процесті кариокинез 
(грек, karyon — ядро, kinesis — қимыл) — деп те атайды. Митозды бөліну 1
— ден 3 сағатқа дейін созылады. Митоз төрт кезеңге бөлінеді. Олар: профаза, 
метафаза, анафаза, телофаза.
Профазада ядрошық, кішірейіп, көрінбей кетеді. Кариолемма еріп,
хромосомалар ширатылып айқын көріне бастайды. Əр бір хромосома бір-
біріне узынынан жанаса орналасқан екі жіпшеден — хроматидтерден
туратындығы байқалады. Центриольдер жұптары бір-бірінен ажырап
қарама-қарсы жасуша полюстеріне қарай жылжи бастайды да, олардың
аралығында ахроматин (солғын боялған) уршығы жіпшелерінің түзілу 
процесі жүреді.

Метафазада аналық хромосомалар толық ширатылып жуандап, доға
тəрізді иіліп, ұзынынан жарылған екі хроматидтен, яғни екі жас 
хромосомадан
тұрады.

Олар
жасушаның 


орталық
жазыктығына 
(экваторында) жиналып, пішіні жұлдызға ұқсас тақташаны ("аналық
жұлдыз") түзеді. Аналық хромосомалардағы хроматидтер бір-бірінен 
ұзынынан бойлай ажырап, тек центромерлері арқылы байланысып тұрады.
Центриольдер 
жұптары
жасуша

полюстерінде


орналасып, 
оларды


63
байланыстыратын ахроматин ұршығының жіпшелері толық жетіледі. 


Микротүтікшелерден


құралған 
ахроматин
жіпшелерінің 
бір
бөлігі

жасушаның қарама-қарсы полюстеріндегі центросома центриольдерін бір-


бірімен, ал екінші бөлігі центриольдерді аналық хромосомалардағы екі жас 
хроматидтердің (хромасомалардың) центромерлерімен байланыстырып
тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет