К.Леонгард–г.Шмишектың бейімделген мінездемелік сауалнамасының интерпретациясы
Мазмұны:
Бұл тест мінез акцентуациясын анықтауға арналған. Сұрақнама нақты мінез акцентуациясын құрайтын 88 сұрақтан, 10 шкаладан тұрады. Бірінші шкала тұлғаның мінезінде жоғарғы өмірлік белсенділікті байқатады, екінші шкала қозғыштыққа бейімділік акцентуациясын көрсетеді. Үшінші шкала сыналушы өмірінің эмоционалы тереңдігін айтады. Төртінші шкала педантизмге бейімділігін көрсетеді. Бесінші шкала жоғарғы қорқынышты анықтайды, алтыншы шкала көңіл-күйдін тез ауыспалылығын, жетінші шкала сыналушы мінез-құлқының демонстрациялылығын байқатады. Сегізінші шкала мінез-құлық тұрақсыздығын. Тоғызыншы шкала қанағатана алушылық деңгейін көрсетеді, оныншы эмоцияның күші мен айқындылығын білдіреді.
Сұрақнама жүргізбес бұрын нұсқау беріледі. Уақыт шектеусіз.
Сыналушыға нұсқау: «Сізге, Сіздің мінез-құлығыңызға қатысты тұжырымдамалар ұсынылады. Егер сіз тұжырымдамалармен келіссеңіз оның нөмері тұсына «+» (Иә), ал егер келіспесеніз «-» (Жоқ) белгісін қоясыз. Сұраққа көп ойланбаңыз, дұрыс не дұрыс емес жауап жоқ».
Сұрақнама мәтіні Сіз көбіне көтерінкі көңіл-күйде боласыз ба?
Сізге қарсы айтылған сындарға сезімталсыз ба?
Кинода, театрда, әңгімелесуде сіздің көзіңізге жас оралу бола ма?
Бір жұмыс істеп, оның дұрыстығына күмәндаңасыз ба және ол дұрыс екендігіне көз жеткізбей тынышталмайсыз ба?
Балалық кезде сіз, сенің құрбыларындай батыл болдыңыз ба?
Сіздің көңіл-күйініз тез ауыспалы ма?
Топта, қоғамдық ортада сіз жұрттың назарында боласыз ба?
Мынадай жағдай сізде байқала ма? Сіз әр кімге себепсіз айғай шығарасыз.
Сіз салмақты адамсыз ба?
Сіз бір нәрсеге танқала аласыз ба?
Сіз шешім қабылдай аласыз ба?
Сізді біреу реңжітсе тез ұмыта аласыз ба?
Сіз нәзік жүректісіз бе?
Пошта қорабына хат салып тұрып, сіз оның қорапқа түскен түспегенін қолыңызбен тексересіз бе?
Сіз ең жақсы жұмыскерлер қатарында болуға ұмытыласыз ба?
16. Сізде балалық шағынызда найзағайдан немесе бөтен иттен қорқу сезімі болды ма (одай сезім казіргі шағыңызда байқала ма)?
17. Сіз барлық жерде және барлығыңда тәртіп сақтауға тырысасыз ба?
Сіздің көңіл- күйініз сыртқы факторларға тәуелді ме?
Сізді таныстарыңыз жақсы көре ме?
Сізде ішкі қобалжулар (мүмкін болатын қасырет, жаманшылықты түйсіну сезімі) жиі бола ма?
Сізде көбіне төмен көңіл-күйлер бола ма?
Сізде бір рет болса да жүйкелік күйзеліс немесе истерика болды ма?
Сізге бір орында ұзақ отыру қиын ба?
Сізге қатысты әділсіз іс-әрекет жасалса, сіз бар күшіңізді салып өз ойыңызды дәлелдеуге тырысасыз ба?
Сіз қой немесе тауықты бауыздай аласыз ба?
Сізге үйдегі перденін немесе дастарханның дұрыс орналаспауы әсер ете ме, әлде сіз оларды бірден дұрыстауға кірісесіз бе?
Сіз балалық шағыңызда үйде жалғыз қалуға қорқатын едіңіз бе?
Сізде көңіл-күйініздің толқуы жиі бола ма?
Сіз өз мамандығыңыздың мықты иегері болуыңызға үнемі талпынасыз ба?
Сіз тез реңжисіз ба?
Сіз мүлтіксіз ешқандай ойсыз көңілді бола аласыз ба?
Шексіз бақыт сезімі, Сізді мүлдем төмендететін кездер бола ма?
Қалай ойлайсыз, Сіз әзіл-ысқақтық спектаклдің жүргізушісі болалар ма едіңіз?
Сіздің көңіл-күйіңіз жылдам ауыса ала ма, қуанышты күйден кенеттен жабырқанқы күйге ауысу?
Сіз топта достарыңыздың көңіл-күйін оңай көтере аласыз ба?
Сіз ұзақ уақыт реңжейсіз бе және қаты уайымдайсыз ба?
Сіз басқа адамдардың қайғысын ұзақ уақыт уайымдайсыз ба?
Сіз мектепте оқығанда дәптер жолында сия, дақтар қалғанда, жиі жаңа дәптерге көшіретін едіңіз бе?
Сіз адамдарға күдікпен, сенімсіздікпен қарайсыз ба?
Сіз қорқынышты түстер жиі көресіз бе?
Сізде жүріп бара жатқан поездің дөңгелегіне астына түсіп қаламын деп сақтанасыз ба?
Көңілді топта, Сіз өзіңізді көңілді ұстайсыз?
Шешімін табуды қажет ететің, қиын мәселеден ойынызды басқа нәрсеге ауыстыра аласыз ба?
Сіз ішімдікті қабылдағанда, өзіңізді еркін сезініп, ашыла түсесіз?
Сіз әңгімелесу кезінде сөзге сараңсыз ба?
Егер Сізге сахынада ойнау қажет болса, онда Сіз рөлге кіріп, оның тек қана ойын екенін ұмытасыз?
Леонгард сұрақнамасының әрбір шкаласын санағанда стандартизация шешімі үшін әрбір шкала мағынасы нақты бір санға көбейтіледі. Бұл әдістеме кілтінде көрсетілген. Акценуацияланған тұлға, патологиялық болып табылмайды.
КІЛТ: