«К. Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тілдер» бірлестігінің білім алушылардың білім сапасында кеткен олқылықтармен жұмыстар туралы анықтама



Дата06.01.2023
өлшемі37 Kb.
#60505
Байланысты:
тілдер бірлестігі олқылық


«К.Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тілдер» бірлестігінің білім алушылардың білім сапасында кеткен олқылықтармен жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА

2022-2023 оқу жылында «Тілдер» бірлестігі бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу және бұл жұмыстар кезең-кезеңмен өткізілуде.


I-кезең. Диагностикалық жұмыс
(І тоқсанның бірінші аптасы)
1. Кешенді диагностикалық жұмысты жүргізу.
2.Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша кешенді диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша : білім алушылардың білімінде олқылықтар бар оқыту мақсаттарын (тақырыптарын) анықтау; - анықталған оқыту мақсаттарынан қайсысы жаңа оқу жылында пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтау.
2022-2023 оқу жылының басында «Тілдер» бірлестігі пәндерінен білім алушылардың білімін бақылау мақсатында қыркүйек айының 1-ші аптасында барлық пәндер бойынша кіріспе бақылауы алынды. Аталған жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми- әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылған (2021 жылғы 13 мамырдағы № 5 хаттама) «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты негізгі ала отырып жасалынған.
Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін «Тілдер» бірлестігі бойынша әр мұғалімнің жұмыс жоспары әзірленді. Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп, оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына мониторинг жасалынды. Кіріспе бақылау нәтижесінде білім алушылардың өткен оқу жылының оқу бағдарламасындағы қиындық туғызған оқу мақсаттары анықталып, білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімі алынды. Анықталған оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әр мұғалімнің пән бойынша жеке жұмыс жоспары бар , қосымша сабақ кестесі жасалынған.
Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдері бойынша 1-2 тоқсан бойынша алынған БЖБ, ТЖБ қорытындылары бойынша салыстырма жұмыстары мен талдау жұмыстары жүргізілуде.
Пән мұғалімдеріне білім алушылардың қосымша сабақтарын кестеге сәйкес ұйымдастыру ұсынылды. Мұнда білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы білім алушылардың әр түрлі (топтық, жеке) жұмыс түрлерін біріктіреді.
Қосымша сабақтарға дайындықты мұғалімдер де, білім алушылар да бірлесе жүзеге асырады. Пән мұғалімі оқылатын материалдың мазмұнын логикалық-дидактикалық талдаумен бірге қиындықтарды, кемшіліктерді, білім алушылардың ауызша жауаптарындағы қателіктерін және оқылатын тілдегі жазбаша жұмыстарды жүйелейді. Осы негізде ол қосымша сабақ кезінде қайта оқытылуы мүмкін тақырыптардың тізімін нақтыланып отыр. Білім алушылар өз кезегінде қосымша сабақтарға дайындалуда, оның шарттары алдынала өзара келісілген.
Ұсыныс:

  1. Кіріспе бақылау нәтижесінде анықталған білімінде олқылықтары бар оқушылардың білім сапасы 1,2-тоқсанның сапа көрсеткішімен салыстырылып, мониторинг жасалсын;

  2. Білім алушылардың қосымша сабақтары кестеге сәйкес ұйымдастырылсын;

  3. Білімінде олқылықтары бар оқушылармен жұмыс тиісті деңгейде, жоспарға сәйкес жүргізілсін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет