10
3.13.Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз, өз мамандығыңыздың
болашағы туралы ой бөлісіңіз.
1. Мамандық таңдау дегеніміз не?
2. Ақпараттық экономика дәуәрәнде қандай төңкеріс орын алды?
3. Нарық жағдайында ақпарат қандай жаңа қасиеттерді иеленді?
4. «Ақпараттық жүйе» мамандығының болашақ мамандары неге көңіл
аударулары керек?
Қызық екен!
Ерекше мамандықтар
Арман сатушы. Чикаго компанияларының бірі адамның кез-келген
арманын орындаумен айналысады. Бар керегі кеңсеге келіп, не жайлы
армандайтыныңызды айтып, маман айтқан соманы төлеуіңіз керек. Бірақ,
арманды орындаудың ең төменгі сомасы 150,000 доллар екенін ұмытпаңыз.
Допты қадағалаушы. Мұндай мамандықты үлкен гольф-клубтарда
кездестіруге болады. Оның жұмысы гольф алаңында кездейсоқ жатқан доптың
болмауын қадағалау.
Құмырсқа ұстаушы. Оның міндеті жасанды құмырсқа фермаларында
тұқымды жалғауға қызмет ететін құмырсқаның ерекше түрлерін таңдап алу.
Иіскеуші. Бұл мамандық дезодорант шығаратын кейбір компанияларда
бар. Иіскеушілер эксперимент жасалып жатқан адамның қолтығына
дезодорантты шашып, бір күн бойы оның исі қалай өзгеретінін қадағалайды.
Әңгімелесуші. Олар Токионың адам ең көп аудандарында отырып, кез-
келген адамның сырын тыңдап, әңгімелеседі. Бір аптада әңгімелесуге 10000
қала тұрғыны қонаққа келеді.
Ал, сіздің мамандығыңыз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: