К. Поппержәнеоның«ашыққоғам»идеясы» тақырыбында шығармашылық жұмыс ‎Ашық қоғам



Дата26.01.2023
өлшемі14,64 Kb.
#63065
Байланысты:
философия 12


К.Поппержәнеоның«ашыққоғам»идеясы» тақырыбында шығармашылық жұмыс
Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам.


Поппер Карл Раймунд[1] (28.7.1902, Вена — 1994, сонда) — ағылшын философы және социологы. Поппер оқытушылық қызметін Жаңа Зеландиядабастап, өмірінің көп бөлігін Лондонның экономика және саяси ғылым мектебінде өткізді


Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” атты еңбегінде Платон, Гегель, Марксидеяларын сынға алып, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия жасау әрекетіне қарсы шығыптолеранттылық (төзімділік) пен либералдыпозицияларын ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң қағидашылық тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”, яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. “Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері кезінде көптеген пікірталастар мен даулар туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет