Әр түрлі топтарда орналасқан тізбектер арасындағы байланыс олардың есілу қадамына және есілу бағытына байланысты.
Кабельдің құрылыстық ұзындықтарын жалғап қосқанда, тізбектердегі өзара байланыс әсерін азайту үшін тізбек пен сымдардың арасындағы сыйымдылық коэффициентін (төменгі жиіліктегі кабельдерде) және жақын, қашық шеттердеғі ауысу өшуліктерін өлшеп, оларды берілген өлшемге әкелу үшін сымдардың орындарын ауыстырып және қарсы байланыс контурларын қосады. Осындай шараларды симметриялау деп атайды.
Кабельді байланыс жолы(Кабельная линия связи). Симметриялы немесе коаксиалды тізбектер бір-бірінен оқшауланып, бірнеше тізбектер белгілі бір тәртіппен біріктіріліп, металдан немесе пластмассадан жасалған түтікше түрінде жасалған қабықшаның ішіне орналастырылады. Мұндай қабықша тізбектерді сыртқы ауа, су және басқа табиғи құбылыстардан қорғау үшін қолданылады. Осындай қабықшаларды қорғасыннан,алюминийден және пластмассадан жасайды.

Әр түрлі механикалық өсерлерден қорғау үшін қабықшаға орналасқан тізбектердің сырты қорғағыш қабатпен қапталады.
Жер астына, су астында, шахталарда, канализацияда орналасуына байланысты қорғағыш қабат әр түрлі болады (оқшауланған, зиянды әсерлерден қорғағыштар, т.б.).
Оқшаулағыш материалдардың түріне, тізбектердің орналасу тәртібіне байланысты кабельдер төменгі жиілікті және жоғары жиілікті болып бөлінеді. Төменгі жиілікті симметриялы кабельдер, әсіресе дыбыстық жиілікті спектрлік кабельдер көп арналы байланыстар жасау үшін пайдаланылады. Олардың спектрлік ауқымы жүздеген кГц-ті қамтиды. Ал коаксиал тізбекті кабельдердің спектрлік ауқымы ондаған МГц болады.

Кабельді байланыс жолдары өздерінің қай жерде қолданылатынына байланысты бөлінеді: