4. Санитарлық-гигиеналық нормалар мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау
Оқу кабинеті санитарлық-гигиеналық талаптарға және оқу үй-жайларына қойылатын еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Кабинетте бар болуы тиіс:
желдету кестесі;
дәрі-дәрмектер тізбесі бар дәрі қобдишасы (қажет болған жағдайда);
еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың (қажет болған жағдайда);
еңбек қорғау бойынша оқушыларға нұсқау беру журналы (қажет болған жағдайда).
5. Оқыту құралдары және оларды жүйелеу
Кабинетте бар болуы тиіс:
сабақтың тақырыптық әзірлемелері;
дидактикалық және үлестіру материалы;
студенттердің өзіндік жұмысы мен білімін бақылауды ұйымдастыруға арналған материалдар;
демонстрациялық материалдар;
студенттердің шығармашылық жұмыстары (рефераттар, жобалар, үлгілер, суреттер);
пән бойынша оқу-әдістемелік және анықтамалық әдебиет;
пән бойынша библиографиялық картотека;
дидактикалық материалдар картотекасы;
зертханалық практикумды өткізуге арналған жабдықтар мен әдістемелік әзірлемелер (зертханалар үшін).
Достарыңызбен бөлісу: |