Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет16/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

Тергеу бөлiмiнiң бастығы
– iшкi iстер органындағы тергеу 
бөлiмшелерiнiң бастығы, ҰҚК және қаржы полициясы (ҚР ҚПК 58-бабы). 
Тергеу бөлiмi бастығының iс жүргiзу қызметi тергеушiнiң қызметiмен бiрдей 
десе де болады. Бiрақ олар бiр-бiрiнен қызметi мен дәрежесiне қарай 
ажыратылады, тергеушiге қарағанда «бастықтың» дәрежесi жоғары және ол 
мынадай уәкiлеттiлiкке ие: 
Тергеушi
– iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк органының 
және қаржы полициясының лауазымды тұлғасы. Ол Қылмыстық iс бойынша 
алдын ала тергеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi (ҚР ҚПКК 60-бап). Тергеушi 
тергеу iсiне қатысты барлық мәселелердi жекеше өз бетiнше қабылдай алады. 
Анықтау органының барлық қылмыстар туралы iстер бо-йынша сотқа 
дейiнгi iс жүргiзу және кезек күттiрмейтiн тергеу қимылдарын орындау 
жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi, сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы 
теңiз кемелерiнiң капитандарына, геологиялық барлау партияларының осы 
баптың екiншi бөлiгiнде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да – 
мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына да, көлiк 
қатынасы болмаған кезеңде жүктеледi. 
Анықтау органының бастығы
ҚР ҚПК 62-бабында көзделген 
қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу қызметi 
уәкiлеттiлiгiне ие және кейбiр дәрежесiне қарай тергеу бөлiмi бастығының 
уәкiлеттiлiгiне ұқсас келедi. 
Анықтаушы қызметiнiң уақытысында орындалуын, заңдылығын 
бақылау және ҚР ҚПК-нiң 62, 63-баптарында көзделген бiрқатар басқа да iс 
жүргiзу қызметiн жүзеге асырудағы заңдылығын бақылау. 


22 
Анықтаушы
– өз құзыретiнiң шегiнде Қылмыстық iс бойынша сотқа 
дейiнгi iс жүргiзудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемле-кеттiк лауазымды адам. 
Анықтаушының бiлiктiлiгi мен уәкiлеттiлiгi тергеушiнiң уәкiлеттiлiгiне 
ұқсас. Анықтаушы заңға сәйкес анықтау органы бастығының, тергеушiнiң 
прокурордың және соттың нұсқауын орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет