Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті
Факультеті: Филология факультеті
Кафедра: Қазақ филологиясы кафедрасы
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі
Қабылдаған : Ергубекова Жанат
Орындаған: Ағыбай Асылжан
Тобы: ФҚФ- 811
Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі
Күрделі деңгей:
Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2.Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады.
Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды. Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. «Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше - оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту да мүмкін емес. Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі түбір, туынды түбір, жұрнақ (сөз тудырушы) және жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырады». Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрылысын, ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формаларын қарастыру керек. Сөз тіркесі саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-бірі туындап, бірінен-бірі өрбіп жатуы қажет.
Грамматика құрғақ қисын жаттау үшін оқылмайды. Схемалық жолды қуалап, түрлі форманың жалаң артына түсуімен ешнәрсе шықпайды. Осы сияқты, бір қыңыр мағынасын қуалап, түрден қол үзіл қалуға да болмайды. Екі жағын тең ұстау керек болады. Грамматиканы оқытқанда, мағына мен түрін тең алып бару ғана негізгі мақсатымыздың бәрін шешіп бере алмайды, сондықтан тек бұл екеуімен қанағаттанып, жайбарақаттануға тағы болмайды.
Грамматикадан оқылатын күнделікті сабақтың материалдары сатылы жүйелі жолмен өтіледі. Берілетін сағат мөлшеріне қарай өтілетін білім көлемі дәл пішіледі. Грамматиканың өтілетін материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толтырып, дами барылады. Сабақтың мазмұны күрделене, жеңілден ауырға көшіле барылады.
Жоспар бойынша өтілетін әр теманың мақсаты түсіндіріліп, алдын алады. Өтілетін теманың беретін пайдасына оқушылардың көздері жеткізіледі. Грамматиканың әр өрілетін материалы тек түсінікпен,болмаса қисындарын білумен шектелмейді. Сол білімі қолма-қол іс жүзінде, практикада жаттықтырылады. Өтілетін материалдарға қарай, оқушылардың өздеріне жұмыс істеттіріледі.
Грамматиканың өтілген материалдарынан бірте-бірте тілдің заңды құбылыс екендігін ашыла барылады. Қоғамның экономика, мәдениетіне, кәсіп өндірісіне, өз ара қатынасына қарай тілдің өсіп, жетілгендігі бақылата барылады. Грамматиканың қандай бөлімі, оның қандай элементтері оқылса да түрі, мазмұны бірдей байланыстырылып жүргізіледі. Олардың бір-біріне байланысты өсіп дамуы, бір түрге, бірнеше мағына, бір мағынаға бірнеше түр келіл тіркесуінің себебі ашыла барылады.
Достарыңызбен бөлісу: |