Қазіргі қоғамдық ғылымдарда,идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық және адамзатық деген түсініктердің маңызы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлермен экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, “қырғиқабақ соғыс”, “қарулану жарысы” үдерістері жаңа арнаға ұласып, “энергетикалық соғыс” атын алып, жаңа тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда.