«Көктем мезгілі»
Өлең-шумақтарымен шаттық шеңберлері
Табиғатқа анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Армысыңдар, балалар,
Жасарды қала, далалар.
Өмірдің келіп көктемі,
Біздерден қыстың кеткені
Шаттықтың үнін тыңдашы,
Наурыз айы-жыл басы.
Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.
Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.
«Аналар мейрамы»
«Шуағын шашқан — аялы алақан!» мерекелік ертеңгілік сценарий
(Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген.Көңілді әуен қосылып, балалар керемет көңіл-күймен кіреді.)
Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар!
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аналар, әжелер,тәрбиешілер,педагогтар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
Ән: «Анашым анам»
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар,- дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.
Балалардың тақпағы (6 бала)
(Әуенмен Ару көктем кіреді.)
Ару көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Міне,келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып,құлпырып кеткенсіңдер!
Жүргізуші:Сәлеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Көктем:Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Көктем мерекесін,аналарымыздың,аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.
Көктем:Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем мезгілі.
Көктем: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар:Жаңбыр жауады. Күн мен түн теңеседі. Күн ұзарып,түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап,жеңіл кейіне бастайды.
Көктем: Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын кім айтып береді?
(наурыз,сәуір,мамыр)
Көктем: Көктем айында табиғат не істейді?
Балалар:Көктем айында табиғат оянады.
Көктем:Жарайсыңдар,балалар! Өте ақылды екенсіңдер!
Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.
Көктем: Иә, мен де сендерді құттықтауға өзімнің әсем гүлдерімді жинап келдім.Ендеше,бүлдіршіндеріміздің қандай өнерлері бар екен,тамашалайық.
Жүргізуші:Иә,біздің балаларымыздың барлығы да өнерлі,олай болса ұлдарымыздың көңілді «биші әжелер» биін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Көрсетер бүгін өнерін,
Бал-бұл жанған ұл-қызың.
Құтты болсын қадамың,
Өнерге басар жұлдызың.
Би: «Биші гүлдер»
(Әуенмен Бұзық бала кіреді.)
Бұзық бала : Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерге ойнауға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе,Балақай! Мұнда қайдан жүрсің?
Бұзық бала: Мені анам үйден сыртқы шығарып жіберді.Себебі мен анамды тыңдамай ойыншықтарды шашып оған үй жинауға кедергі жасадым. Кейін осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.
Жүргізуші: Балақай бүгін аналар мерекесі аналарды ренжітуге болмайды кел оданда біздің балалардың өнерің тамашала.Балалар,Балақай өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келген екен,ендеше біз музыкалық аспаптарменг ән айтып берейік.
Жүргізуші: Бала деген болашақтың арайы,
Балабақша сол бастаудың сарайы.
Кіп-кішкене бүлдіршіндер әндерін,
Көрермендер өздеріңе арнайды.
Көктем: Балалар,сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы тақпақ та, ән де біледі екенсіңдер Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер, мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!
Балалардың тақпағы (6 бала)
Достарыңызбен бөлісу: |