Кафедра: «Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы» ӨҢдірістік тәжірибе бойынша есеп мамандығы



бет9/11
Дата09.05.2022
өлшемі18,54 Mb.
#33277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Портфолио ӘДИЯТ ЖАНСАЯ ДОВ-81

Көктем жаршысы - құстар

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету.

Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу

Дамытушылық: Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.

Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, табиғат туралы сызба.

Өткізу әдісі: Сұрақ жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.

Тәрбиеші:

Сендер қандай әдемісіңдер, мейірімді, ақылды баласыңдар!

Осындай қайырымды, ақжарқын болып өсуіңізге табиғаттың тигізер әсері мол. Табиғат – Ана сендерге мол шапағатын төгіп, көтеріңкі көңіл – күйді сақтай отырып, бүгінгі ашық оқу іс – әрекетімізді бастаймыз.

Тәрбиеші:

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, ал көктем мезгілінде қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

Балалар:


Күн жылынады , жауын – шашын мол болады. Жапырақтар бүршік жарады.

Тәрбиеші:

Дұрыс балалар, өте жақсы, жарайсыңдар. Мұның бәрі табиғаттың құбылысы екен. Ал, балалар, табиғат туралы не білеміз? Табиғат дегеніміз не, қане, есімізге түсірейікші.

Тәрбиеші:

Ал, енді өсімдіктер мен жануарлар туралы қаншалықты білетінімізді «Кім жылдам» ойынымен байқап көрейік.

Жарайсыңдар балалар, сендер табиғат туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.

1. Екі айыр құйрығы

Қияқ мұрт қанаты

Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)

2. Талдың басында

Жемі бар қасында

Үй тұр саялы

Достарға аялы. (Ұя)

Жаңа оқу іс – әрекеті.



Балалар, қараңдаршы, жұмбағымыз шешілді. Ендеше жаңа оқу іс – әрекеті құстарға байланысты «ҚҰСТАР – КӨКТЕМ ЖАРШЫСЫ» деп аталады.

Балалар, тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы – ҚҰСТАР болып есептеледі. Құстардың түрлері өте көп. Құстардың пайдасы мол. Олар табиғаттың байлығы болып саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып – қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады.

Дидактикалық ойын:



Көкек және торғай тобы болып екіге бөлілініп әр топтағы балалар көптеген құстардың арасын өз құстарын табу керек.

Сергіту сәті: «Шөп – шөп шөжелерім» әнімен.

Қорытынды:

- Балалар, сонымен біздің тақырыбымыз не туралы болды?

- Құстар қалай бөлінеді?

- Қандай құстармен таныстық?

- Құстардың қандай пайдасы бар?

- Балалар, жарайсыңдар, өте жақсы қатыстыңыздар.

Табиғат – біздің байлығымыз. Табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар табиғат қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.

- Балалар, келген қонақтармен қоштасамыз.

Күтілетін нәтиже:Білу керек: Құстардың аттарын білу.

Меңгеру: Құстарды бір – бірінен айырмашылығын ажырата білуге, сұраққа толық жауап беруге үйрету.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет